Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бақытбек Есентаевтың қарындасы көңілге мұң ұялататын естеліктерімен бөлісті (фото)

Баян Мақсатқызын соққыға жығып, бірнеше жерінен пышақтаған Бақытбек Есентаев жазасының 1,5 жылын өтеді. 9 жылға сотталған ол жазасын қатаң режімдегі түзеу колониясында өтеп жатыр. Баян Мақсатқызы өз кітабында Есентаевтың мерзімінен бұрын босап шығуына үміттенетінін жазды. Қанша дегенмен балаларының әкесін түрмеге қимайтынын жеткізді. Алайда Есентаевтың туыстары Мақсатқызының бұл сөзіне аса сеніңкіремейді, деп жазады Stan.kz.

Нағима Есентаева – Бақытбек Есентаевтың жалғыз қарындасы. Ол желіде үнемі ағасы туралы естеліктерімен бөлісіп, оның баянсыз ғұмыры туралы сыр шертеді. Жуырда ғана Нағима Есентаева көңілге мұң ұялататын естеліктерімен бөлісті.

Ол Бақытбек Есентаевтың қос қызымен түскен суреттерін жариялап:

“Бүгінгі ауа -райы ма, кішкене көңіл-күй болмай тұрғаны, өткен -кеткен ойға түсіп. Ағаға деген сағыныш кернеп кеудені. Өткен күнде белгі жоқ -деген осы шығар. Осындай Ағатайымның бақытты күндерінің куәсі болған едім, казір қарап отырсам, осының бірі де болмаған сияқты”, – деп жазды.

Желідегілер Нағима Есентаеваға жұбату сөздерін айтып, ағасының тезірек босап шығуын тіледі. Алайда отбасылық мәселені жұртқа жария еткен Есентаеваны сынағандар да табылды.

Жіберіп алмаңыз:

Қайрат Түнтеков ауыр дерттен көз жұмған қарындасына ән арнап, елді жылатты (видео)

Мейрамбек Бесбаев 30 жылдық концертінен кейін дүркіретіп той жасады (фото, видео)

Ерке Есмахан “Қайда?” клипінің жалғасын ұсынды (видео)

Гүлзира Айдарбекова алғаш рет немересін көрсетті

Талқылау