Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бақуатты жан әнші Луинаның караоке-барын бір түнге жалдап, 6 миллион тастап кетті

Алматыдағы караоке-бар бір түнде 6 миллионға жуық ақша тапты. Атышулы демалыс орны әнші Луина мен оның сүйіктісі Жомарт Сүлейменовке тиесілі болып шықты.

18443786_445329725806083_5654122040555208704_n

Луина  5 881 260 теңгелік чекті көрсетіп мақтанды, деп хабарлайды Stan.kz.

Аталған сомманың 5 миллионы арнайы Crazy menu-ге жұмсалған. Бұл арқылы келуші бір түнге караоке-бардың иесі атана алады. Мұндай жағдайда өзге адамдар караоке-барға кіре алмайды, ал ондағы қызметкерлердің барлығы дерлік 5 миллион төлеген жанның айтқанын бұлжытпай орындайды екен.

Айтпақшы, 6 миллион теңгесін бере салған жомарт жанды Луинаның өзі «нағыз қазақ жігіті» деп атады. Оны көрген желі оқырмандары түрлі жағымсыз пікірлерін білдірді.

19761407_1980638422155217_4713474320981032960_n

«Мұндай ақшасы жоқтар сонда жігіт емес пе? Не деген ақымақтық, мына сөздеріңді алып таста, ұятқа қалмай», «Қазіргі жігіттердің құны ақшамен өлшенетін болған», – деп сынады олар.

Жіберіп алмаңыз:

Жас әнші тұрмысқа шығар алдында жігітінің қызтеке екенін біліп қалды

Атышулы “Ninety one” тобының әншісі домбырамен терме айтып, жұртты таңғалдырды (видео)

Ақын Жүрсін Ерман шөберелі болды

Баян Есентаева: Артымнан жүгіріп жүрген отбасылы азаматтар көп (видео)

Талқылау