Бақтияр Артаев: Головкиннің соңғы жекпе-жегінде тең түскеніне қуанамын
Бақтияр Артаев Головкин мен Альварестің жекпе-жегіне қатыты пікірін айтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».
«Гена мен Альварестің тең түскеніне қуанамын. Біреулер айтатын шығар, Бақтияр Генаны көре алмай жүр деп. Жоқ, көре алмай жүрген ештеңем жоқ. Генаның ұтылып қалмағанына қуандым. Өйткені бұзақы төрешілердің отырғанын көрген кезде жалпы солай болатыны белгілі болды. Негізі жекпе-жекті алып қоймағанына шүкір деу керек. Егер дөп тиген соққылардың балына сүйенсек, менің ойымша, Альвареске соққы көбірек тиген сияқты», – деді ол.
Геннадий Головкин мен Бақтияр Артаев бокс рингінде 5 рет кездесіп, оның үшеуінде Головкин жеңген болатын.
Тағы да оқыңыз:
Головкин «Канеломен» айқасынан кейін P4P-рейтингінде түсіп қалды
Головкин: Менің жекпе-жегімді президент тамашалағанын естігенде жүрегім тулады
Головкин әуесқой бокста өзін жеңіп кеткен боксшыға 25 мың евро беріп көмектесті