Бақытжан Сағынтаев отырған көлікке оқ атылған
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев отырған көлікке оқ атылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров ақпаратты растады. Айтуынша, әкімнің өзі бұл туралы Telegram-каналдардың біріне берген сұхбатында сөз еткен. Оқиға 6 қаңтар күні болған.
Айта кетейік, Бақытжан Сағынтаев қала әкімі ретінде қызметін жалғастыруда. 8 қаңтар күні ол қаланың тыныс-тіршілігін қалпына келтіру мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Кеше Алматы басшысы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде зардап шеккендердің халін білу мақсатында орталық клиникалық ауруханаға барды.
Алматыда 19 қаңтарға дейін төтенше жағдай режимі енгізілген. Ал бүгін, 10 қаңтар елімізде жалпыұлттық аза тұту күні деп белгіленді.
Алматыда 4-8 қаңтарда тәртіпсіздіктерге қатысты деген күдікпен екі экстремистік топ ұсталды
"Көмектесіңіз мен оны танымаймын деп жылады": Алматы облысында бейтаныс ер адам кішкентай баланы ұрламақ болған
Тұрғын: "Ер адам баланың ұлы екенін, жай ғана үйге кіргісі келмей тұрғанын айтты”
Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты