Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Депутат Бақытжан Базарбек қазақстандық Aitu мессенджерін қолданудан бас тартты

Бақытжан БазарбекБақытжан Базарбек. Фото: t.me/mazhilis_kz

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек қазақстандық Aitu мессенджерін қолданудан бас тартты. Себебін бұл үкіметтің бастамасы, өзін халық қалаулысы болуымен түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды

Айтуынша, депутаттарды "ешкім Aitu қосымшасын қолдануға міндеттемеген".

"Ешкім ешкімді бұл қосымшаны қолдануға міндеттей алмайды. Халық сайлаған бізді халықтан және Мәжіліс спикерінен басқа ешкім бір нәрсе істеуге міндеттей алмайды. Егер Үкіметте қандай да бір қосымша әзірленсе, Үкімет және министрліктердің мүшелерін ғана міндеттей алады", - деді Базарбек Парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін кулуарда.

Цифрлық даму вице-министрі Ростислав Коняшкин Aitu-ға көшер алдында министрлік басқа да мессенджерлер мен алаңдарды зерделегенін атап айтты.

"Мемлекеттік коммуникация саласында серверлері еліміздің аумағында орналасқан өнімдер мен жүйелерді пайдалану – бұл жаңа талап емес. Aitu қазіргі уақытта  - коммукацияда қолдануға болатын жалғыз платформа екенін айта аламыз", - деді вице-министр.

Aitu ұлттық мессенджері туралы не белгілі

Aitu – қазақстандық тегін жедел хабар алмасу сервисі. 2018 жылы іске қосылған. Ол пайдаланушыларға мәтіндік және дауыстық хабарламалар алмасуға, дауыс және бейнеқоңыраулар жасауға, суреттер, құжаттар, геолокация және басқа да деректер жіберуге мүмкіндік береді. Платформада көптеген ойын-сауық контенттері бар. Мәселен, танымал қазақстандық "Salem Social Media" студиясы Aitu-ға өз сериалдарын жүктеген.

Айта кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі IT саласына көңілі толмайтынын айтып, жеке деректермен байланысты ұлттық мессенджер Aitu-ға көшіруді тапсырды. Кейін мемлекеттік қызметкерлер 15 қыркүйекке дейін осы сервиске қосылуға міндеттелді.

Айнұр Мұхади
Сейсенбі, 02 Қыркүйек, 2025 14:59
Талқылау