Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бақытты сәтпен қауышу үшін тексерістен өту керек": Айгүл Иманбаева ана атану үшін дайындалып жүргенін жасырмады

Жақында тұрмыс құрған әнші Айгүл Иманбаева денсаулығына байланысты шетелге ұшып кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/aigul_imanbayeva/

Өнер иесі емханада құрсағын тексертіп жатқан видеосын Instagram парақшасына жүктеп, оқырмандарын ойландырып қойды. 

"Осындай бақытты сәттермен қауышу үшін ең алдымен толыққанды тексерістен өтіп алу қажет. Мен қазір Стамбұл қаласындамын. Анама да бұл жер ұнады. Бұл жаққа келуімнің себебі денсаулығымды толықтай тексеруден өткізу. Қазіргі тілмен айтқанда Check Up", – деген әнші бейнежазбаға сәбидің дауысы мен суретін қойды. 



Еске салайық, өнер иесі балалы болуға дайындалып жүргенін жасырмады. 

“Балалы болуға дайынмын. Биылғы жылдың жоспарында емес, Құдайдың жоспарындағы дүние. Бірақ менің маңдайыма бөпелі болуды жазса, мен дүниеге әкелуге дайынмын. Ер мен әйелге бөпе не үшін беріледі?! Біздің қазақта “Ойбай, қартайғанда туыпты” деген қазақтың құрып қалған сөзі бар. Біріншіден, қартайып тұрған түрім жоқ. Қазақтар ғана 35 жасында қартайып, 45 жасында өлімге дайындалады. Ол биологиялық өлшем емес. Мидағы ғана қалыптасқан түсінік. Шетелде көп жүрдік. Ол жақта 35 жасқа дейін жасөспірім болып есептеледі. 35пен 65 жастың арасы жас болып саналады. Олардың өмірі 40 жастан кейін басталады. Саяхаттап жүргендер де, сүйісіп отырғандар да, сол жастағы адамдар. Мен осы дүниені қазақтардан да көргім келеді. сол үшін де балалы болудан қашып отырған жоқпын. Сондықтан біз дайынбыз. Биылғы жылды балама, баламның киносына арнадық. Бұйыртса келесі жылы бөпелі болып, сүйіншілейтін күнге жетейік”, – деген болатын әнші. 

Талқылау