Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Бақытқа мас шағымыз": Жартылай жалаңаш суретін көрсеткен Өмірқұл Айниязов жұртты күлдірді

Досын туған күнімен құттықтаған Өмірқұл Айниязов жұртты күлкіге қарық қылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әнші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында досын жарық дүниеге келген күнімен құттықтап, жас кезіндегі суреттердің бірімен бөліскен.

"Есен досым, туған күнің құтты болсын! Бала-шағаң аман, денің сау болсын, ауырма! Бұл сурет біртүрлі көрінгенмен, бұл біздің жас шағымыз, бақытқа мас шағымыз", - деп жазды Өмірқұл Айниязов.

Суретте жалаңаш домбыра тартып отырған әншіні көрген жұрт жағаларын ұстап, күлкіге қарық болды. Бірі Өмірқұл Айниязовқа жалаңаш суретін салдың деп кінә артса, енді бірі әншінің жас кезін көріп сүйсінген.

"Қазақтың киелі домбырасын құрметтемедіңдер. Алып тастаңдар мына көріністі", "Жастыққа мас емес, шайтанның суына мас сияқтысың", "Өмірқұл аға, сол баяғыдай жап-жас көрінесіз", "Біздің ақкөңіл, қарапайым жігіттер ғой", - десті жұрт.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр