Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бахрейнде жоғалып кеткен қыз Қазақстанға оралды

Бірнеше күн бұрын Бахрейнде жоғалып кеткен қазақстандық қыз отанына оралды. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлайды.

епеп

“Қыз табылды, ол өз еркімен Қазақстанға оралды және қазір туыстарының қасында. Ата-анасының айтуынша, ол өзін жақсы сезінеді бірақ қолдау керек”, – деді ҚР СІМ ресми өкілі Әнуар Жайнақов.

Бахрейн мен Қазақстанның сыртқы істер министрлігіне жауапты Сауд Арабиясында орналасқан Қазақстан елшілігі қызды табу үшін барлық шараларды атқарған.

Қазақстандық консул шұғыл тұрде Бахрейнге аттанып, ол жақта қылмыстық полиция басшысымен кездескеннен кейін іздеу шаралары басталған. Полиция қазақстандық қыз болуы мүмкін қонақүйлерді тінтіп шығыпты. Әзірге қыздың не себепті жоғалып кеткені нақты анықталмады.

Жайнақовтың айтуынша, Тагина Хайтметова дәл қазір сөйлесуге дайын емес. Ол ауыр психологиялық қиындыққа душар болғандықтан, туыстарының көмегіне мұқтаж.

Еске салсақ, 1 тамыз күні Тагинаның жоғалып кеткені туралы хабарланған еді. Ол шілденің 27-сі күні Астанадан Дубайға ұшып, Бахрейнге жеткен. Соңғы рет 29 шілдеде ата-анасымен хабарласып, қонақ үйге жұмысқа тұрғанын айтқан екен. Кейінірек Тагинаның анасына хабарласқан бейтаныс қыз оны жезөкшелікке мәжбүрлейтін ұйым ұрлап кеткенін, Тагинаның да сол жақта болуы мүмкін екендігін айтқан.

Оқи отырыңыз:

Денсаулық пен балалар: Қазақтар басты құндылықтары жайлы айтты

Адамның аяғын қойдың тезегі мен терісіне салып емдегендер елді таңғалдырды (видео)

Алматыда “анасы мен қызы” сценарий бойынша шоу жасап интимді қызмет ұсынады

Қазақстанда қаңғып жүрген кезбелер ұсынған жұмыстан бас тартуда

Талқылау