Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БАҚ: Ресей Қытайда жасырын түрде пилотсыз дрондар жасап жатыр

Әлемдік БАҚ-та Ресей Қытайда Украинаға қарсы соғыста қолдану үшін ұзақ қашықтықтағы шабуылдаушы пилотсыз ұшақтарды жасау және шығару бағдарламасын бастады деген ақпарат тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Википедия

Reuters агенттігінің хабарлауынша, "Алмаз-Антей" концернінің еншілес кәсіпорны Ижевск электромеханикалық "Куполь" (IEMZ) зауыты жергілікті мамандардың көмегімен Қытайда “Гарпия-3" деп аталатын пилотсыз ұшақтың жаңа үлгісін жасап, ұшу сынақтарын жүргізген. 

Бұл туралы “Куполь” зауытының Ресейдің қорғаныс министрлігіне жіберген хабарламасында айтылады.

Сонымен қатар олар Қытайдағы зауытта "арнайы әскери операцияда" пайдалану үшін пилотсыз ұшақтарды, соның ішінде Гарпия-3-ті көп мөлшерде шығара алатынын мәтімдегег.

Қытай сыртқы істер министрлігі мұндай жобадан хабары жоқтығын айтып, елдің пилотсыз ұшақтар немесе пилотсыз ұшатын аппараттарды экспорттауға қатаң бақылау жүргізетінін баса айтты.

Еске салсақ, осыған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей мен Украина арасындағы қақтығысқа қатысты пікір білдірген.

Талқылау