БАҚ: Ресей Иранмен қару-жарақ жеткізу бойынша құпия келісім жасаған

Фото: Ашық дереккөзден
Иран мен Ресей қару-жарақ жеткізу туралы құпия келісімге қол қойған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Financial Times басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Басылым мәліметінше, желтоқсан айында екі ел Ресейдің Иранға 9K333 "Верба" үлгісіндегі 2500 зымыран және 500 ұшыру қондырғысын жеткізуі туралы келіскен. Келісімнің жалпы құны – 495 миллион еуро.
"Верба" – Ресейдің заманауи әуе қорғаныс жүйелерінің бірі. Шағын мобильді топтар бұл тасымалды зымырандарды, қанатты зымырандарды, ұшақтар мен дрондарды жою үшін пайдалана алады. Financial Times дерегінше, Ресей 2027–2029 жылдар аралығында үш кезеңмен жеткізу жұмыстарын жүзеге асыруды жоспарланған. Алайда басылым, бұл жүйелердің кейбір бөлігі Иранға жеткізіліп қойғанын мәлімдеді.
Иран өздеріне шабуыл жасалса Израиль мен АҚШ базаларына соққы беретінін ескертті
Хабарланғандай, Тегеран бұл зымырандарды Ресейден өткен жылдың маусым айында болған Израиль–Иран қақтығысынан бірнеше күн өткен соң сұратқан. Он екі күнге созылған соғыс барысында Израиль мен АҚШ Иранның әскери нысандары мен ядролық қондырғыларына әуе соққыларын жасаған. Сол кезде Иранның әуе қорғаныс жүйелері айтарлықтай зақым алған.
Сонымен қатар Ресей шабуылдаушы тікұшақтар жеткізуді де жоспарлап отыр. Қаңтар айында Иран Ресейден алты Ми-28 тікұшағын алған. Олардың бірі осы айда Тегеранда қолданылған.
Бұл келісім АҚШ пен Иран арасындағы шиеленістің күшеюі аясында белгілі болды. АҚШ президенті Иранды ядролық бағдарламасын қысқартуға мәжбүрлеу үшін әскери күш қолданатынын бірнеше рет ескерткен. Ал Тегеранда мұндай жағдайда қарсы соққы берілетіні мәлімделді. Тараптар арасындағы келіссөздер осы бейсенбі күні Женевада жалғасуы тиіс.
Еске салсақ, осыған дейін БАҚ-та АҚШ әскері Иранға соққы жасау үшін дайындығын аяқтағаны туралы ақпарат тараған еді.
"Бір ұйықтаса бірнеше күн бойы оянбайтын ауыл": Тылсым "Калачи" туралы не белгілі?