Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қаражат жымқырды деп айыпталған Қайрат Қожамжаровтың Мәскеуде тұрып жатқаны туралы ақпарат тарады

Қайрат Қожамжаровтың мәскеуде тұратыны туралыФото: Elmedia

Қаражат жымқырды деп айыпталған экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің бұрынғы төрағасы Қайрат Қожамжаровтың Мәскеуде тұрып жатқаны туралы ақпарат тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Elmedia басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ақпаратқа сәйкес, Қайрат Қожамжаров, 2025 жылдың басынан бері Мәскеуде тұрған. Алайда жақын арада ол Мәскеу аймағынан шығып кеткен көрінеді

“Бұрынғы бас прокурор Қайрат Қожамжаров Ресей Федерациясының аумағынан шығып кеткен деген ақпарат түсті. Бұл ақпаратты растайтын деректер болған жоқ, бірақ егер рас болса, бұл Мәскеудегі достары оған қауіпсіздік кепілдігін бере алмай отырғанын көрсетеді. Біздің деректерімізге сүйенсек, Қожамжаров Мәскеуге осы жылдың басында қоныс аударған. Сонымен қатар ол Мәскеуде сүйіктісі, Қостанай тумасы – Маргарита Александровамен бірге барған. Қайрат Қожамжаровтың одан екі баласы бар”, – делінген хабарламада.

Тіпті бақта Қожамжаровтың фотолары да жарияланды.

“Сонымен қатар бақылаушылар Қайрат Қожамжаровтың өте сақ әрекет ететінін, үнемі айналасына қарап отыратынын және телефонының SIM-карталарын үнемі ауыстырып тұратынын атап өтті”, – делінген БАҚ-та тараған ақпаратта.


Қайрат Қожамжаровтың жақын серіктерінің бірі Талғат Махатовқа тағы бір айыптау үкімі шықты


Басылым мәліметінше, Қайрат Қожамжаровтың кейбір активтері оның бауыры, кәсіпкер Дулат Қожамжаровқа, оның табысты балаларына және заңды жұбайы Салтанат Ахановаға жазылған.

“Сонымен қатар, кейбір расталмаған деректерге сәйкес, Қожамжаров Бруклиндегі (Нью-Йорк) бизнес орталықтарының бірінің иесі болуы мүмкін”, – деп қосады БАҚ.

Еске салсақ, осыған дейін экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің бұрынғы төрағасы Қайрат Қожамжаровқа қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Дана Русланқызы
Сейсенбі, 02 Желтоқсан, 2025 22:37