БҰҰ басшысы болуға ұмтылған Джоли Брэд Питтің көңілін суытқан
Голливудтық жұлдызды жұп Брэд Питт пен Анджелина Джолидің ажырасуына саясат мәселесі себеп болған көрінеді.
Фото: elle.ru
Бұл туралы америкалық TMZ порталы хабарлайды.
Басылымға сұхбат берген сенімді дерек көзінің баяндауынша, Джоли бұрыннан бері БҰҰ басшысының орынтағына отыруды арман еткен. Ол бұл мақсатына жету үшін екі саяси кеңесші ұстаған. Олар актрисаның ыңғайлы шешімдер қабылдап, өзіндік образын қалыптастыруға көмектескен.
Питт өз тарапынан әйелінің қайырымдылық шараларымен айналысуына қарсы болмаған. Алайда, актриса мәселеге балаларын да араластырыпты. Ол соғыс қаупі төніп тұрған Сирия аймағына балаларды да ала кетіпті.
“Малифисента” фильмінің бас кейіпкері өзінің қайырымдылық шараларымен жақсы таныс. 2001 жылы БҰҰ-ның ерікті елшілерінің қатарына қосылған. Сол кезден бері ол Ливан, Ирак, Сирия және Иордания елдеріне рухани мақсатта бірнеше рет сапар жасады.
Голливудтың ең әдемі жұлдыздарының ажырасуы туралы 20 қыркүйекте белгілі болды. Анджелинаның адвокаты “тараптардың келісімге келе алмауына байланысты” актрисаның ажырасуға өтініш бергенін айтты. Ол балаларды өзінде қалдыруды қалайды. Батыстық БАҚ он жылдай уақыт бірге тұрған жұптың бұл әрекетін “ғасыр ажырасуы” деп бағалаған.
41 жастағы Джоли мен 52 жастағы Питт 2005 жылдан бері бірге тұрады. Олар алты бала тәрбиелеп отырған болатын.
Оқи отырыңыздар:
Сәкен Майғазиев “Ninety one” тобына қатысты пікір білдірді