Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БАҚ: Ауыр атлеттеріміз халықтан кешірім сұрап, сыйға алған қаржыны қайтаруы тиіс

Кеше ғана Халықаралық олимпиадалық комитеттің еліміздің төрт бірдей ауыр атлетін Олимпиада медалінен айырды. Күллі әлемге өздерін де, өз елін де масқара қылды десек, артық айтқандық емес.

f7e49cf5d79ce428b4c41b036846fcc3_resize_w_1140_h_696

Бұл туралы Қазақ үні порталы хабарлайды.

Журналист Несіп Иманбайдың жазуынша, біріншеден, ХОК секілді беделді ұйым даулы хабарлама ғана жасаумен айналысатын мекеме емес қой. Және біздің спортшыларымыздан басқа әлемнің небір алпауыт елдерінің спортшылары да медальдерінен қағылды.

Екіншіден, халық арасында «Ойбай, Илья Ильинді көре алмайды, аяқтан шалды»  деген сөздер жиі айталады. Әлемдік деңгейде Илья сынды спортшы жоқ дейміз бе сонда? Екі дүркін Олимпида чемпионы болған спортшылар жетіп артылады. АҚШ-тың әйгілі Майкл Фелпсі ше? Жиырма үш рет Олимпиада чемпионы атанған Фелпс немесе тоғыз дүркін Олимпиада чемпионы Усейн Болтты допинг қолданды деп айыптамады ғой. Және бүкіл әлемде, Қазақстанда тек қана Илья Ильин осы қара тізімге енсе онда ойлануға болар еді.

Үшіншіден, ауыр атлеттердің «көсемі» Алексей Ни осы жағдайдың бәрін теріске шығарып отыр. Қазақта мақал бар, «Сасқан үйрек құйрығымен жүзеді» деген. Әрине, теріске шығарады. «Ия, біз қабылдап едік» деп айтуға дәті қайда, байғұстың… Ал, сол Нидің «неадекватный» пікірлеріне бола әлемдік олимпиадалық комитеттің жұмысына сенбеуге бола ма?

Төртіншіден, ауыр атлетшілердің «қылмысы» дәлелденді. Ал, енді оларға бюджет есебінен, СІЗ бен БІЗДІҢ қалтамыздан берілген қыруар қаржы неге қайтарылмайды? БЮДЖЕТ дегеніңіз – сіздің ай сайынғы айлығыңыздан ұсталатын он пайыз ақша! Бұларға берілген 250 мың доллар, бәленбай-түгенбай мың доллардың бәрі, сіз бен біздің тірнектеп жиған табысымыз. Сонда олардың елді алдап, әлемге қара бет болғандарына осыншама ақша төлеуіміз керек пе?

Бұл жайт елді елең еткізбей қоймады. Желі қолданушыларының пікір екіге жарылып, бірі спортшыларымызды жақтаса, енді бірі олардың жалған әрекетке барғандарын айтып айыптады.

“Мұның бәрі лас саясат. Ильин солардың қолшоқпары болып қалды. Ол өте еңбекқор, жақсы адам. Нағыз ер азамат. Өз басымның оларға жұмсалған ақшаға ішім ашымайды.  Ол жеңіс әкелгенде бәрі қуанды. Кейін басына іс түскенде ешкімге керегі жоқ болып қалды. Оларды қолдаудың орнына, жалған сөзге сеніп жатырмыз”, – деп жазады Ильиннің жанкүйері.

“Халқым, түсінсем бұйырмасын. Ильин, Подобедова мен Чиншанло рекорд орнатқанда сондай қуанып, жақсы тілектерімізді айттық. Енді WADA-ның мына шешімі шығып еді бәрін теріске шығарып сырт айналдық. Тіпті берген сыйақы сомасын қайтаруды сұраудамыз”, – деп жазады Қайрат Мұқсынов.

Бұған дейін үш спортшының медалінен айырылғанын хабарлаған едік. Мұxамедиұлы допинг дауына іліккен спортшыларымызға қатысты пікірін білдірді. Қазақстанда допинг үшін қылмыстық жаза енгізілуі мүмкін.

Жіберіп алмаңыз:

84 жастағы зейнеткер қашып бара жатқан ұрыны шалып құлатты (видео)

Ел арасында бит 500 теңгеден сатылып жатыр

63 жыл түрмеде отырған тұтқын бостандыққа шығудан бас тартты

Талқылау