Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бахтиер Зайнутдинов мансабын аяқтай ма?

Фото:ҚФФ

Қазақстан ұлттық құрамасы мен ресейлік "Динамо" клубының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов қазан айынан бері жарақатына байланысты алаңға шыққан жоқ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Алайда бұл жағдай көптеген жанкүйерлердің алаңдаушылығын тудырып отыр.

Осы мәселеге байланысты Мәскеудің Динамо Мәскеу клубының бас дәрігері Михаил Бутовский пікір білдірді.

"Қалыпты жаттығуларды орындауға дайын болған кезде ол командаға қосылып, дайындықты жалғастырады. Қазіргі таңда команданың медициналық және бапкерлік штабы ұсынған сынақ нәтижелеріне сүйене отырып шешім қабылдаймыз. Тексерулердің қорытындысына сәйкес, Зайнутдиновке әзірге жеке дайындалған дұрыс", – деді М.Бутовский "Sovsport.ru" сайтына берген сұхбатында.

Айта кетейік, Бахтиер Зайнутдинов 2025 жылдың жазында мәскеулік клуб сапына қосылған. Бірақ ол былтыр 19 қазаннан бері жарақатына байланысты алаңға шықпады. 2025/26 жылғы маусымда "Динамо" құрамында он матч өткізіп, бір рет сары қағаз алған.


Бахтиёр Зайнутдинов "Бешикташтан" кетіп, мәскеулік "Динамо" ойыншысы атанды


Зайнутдинов мансабында "Динамодан" бөлек "Бешикташ", "ЦСКА", "Ростов", "Астана" және "Тараз" клубтарында өнер көрсеткен.

Ақерке Өмірхан
Дүйсенбі, 02 Наурыз, 2026 18:01