Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бағым Мұхитденова: Кезінде Еркені бірде-бір телеарна шығарғысы келмеген

Бағым Мұхитденова бір кездері Ерке Есмаханды телеарналарға күштеп тыққанын мәлімдеді. Продюсердің айтуынша, “Алло” әні шыққанға дейін бірде-бір отандық арна Еркені шығарғысы келмеген.

Бұл туралы Мұхитденова Гәкку радиосына, Тимур Балымбетовке берген сұхбатында айтты, деп жазады Stan.kz.

“Ерке үшін шын қуаныштымын, себебі ол мұндай табысқа лайық. Ол бізбен бірге 11 жыл жұмыс істеді. Ол деген өте көп уақыт. Ерке – біз қолға алған ең күрделі жоба болды. Еркені ешбір телеарна, ешбір бағдарлама көрсеткісі келмеді. Біз Еркені телеарнаға күштеп тықтық. Ол енді продюсер ретіндегі біздің жұмысымыз. Баян екеуміз Ерке үшін барымызды салдық. 11 жыл дегеннің қаншалықты ұзақ уақыт екенін білесіз бе? Басқалар шығып жатты, ал ол сырттай бақылап отырды”, – дейді Бағым Мақсатқызы.

Сондай-ақ, продюсер не себепті Еркенің мойындалмай келгенін айтты.

“Әркімнің өз уақыты бар. Демек ол кезде Еркенің уақыты келмеген. Ол бұл күнді 11 жыл күтті. Ал қазір нөмірі бірінші әншіге айналды. Бірақ Ерке оған лайықты. Бұл Баян екеуміздің жұмысымыздың нәтижесі. “Алло” әнінен кейін елдің бәрі Еркені сұрай бастады. Бір қызығы, ғажап дауысты Еркенің бар екенін 10 жылдан бері айтып келе жатырмыз, ал бізді ешкім тыңдамады”, – дейді продюсер.

Бізбен бөлісетін қызықты жаңалығыңыз, оқиғаңыз болса Stan.kz сайтының WhatsApp номеріне жолдаңыз: +77021152981

Жіберіп алмаңыз:

Дана Кентай трансвеститтер туралы: Әр адам өз қалауынша өмір сүруі керек

1 айлық ұлын ваннада шомылдырған Шоқан Маратұлы жұртты шошытты (видео)

Экс-күйеуі Шахизаданы алдап, төрт қабатты зәулім үйін тартып алған

Алагөзов бұрынғы әйелінен дүние-мүлкін қайтару үшін сотқа қайта шағым түсірген

Талқылау