AAPL
146.55 $
1.18 %
TSLA
870.11 $
3.21 %
NDAQ
203.49 $
0.23 %
GOOGL
2855.56 $
1 %
FB
335.34 $
3.26 %
FRHC
64.23 $
1.47 %
AAPL
146.55 $
1.18 %
TSLA
870.11 $
3.21 %
NDAQ
203.49 $
0.23 %
GOOGL
2855.56 $
1 %
FB
335.34 $
3.26 %
FRHC
64.23 $
1.47 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бағлан Әбдірайымовтың жары: Күйеуімді құмар ойындардан шығару үшін түрлі амалдар жасадым

Құмар ойындарға әуестік – адасқан жанды ғана емес, отбасын, айналасын бақытсыздыққа ұшырататын ауыр дерт. Бір кездері тура жолдан тайған "Жігіттер" квартетінің әншісі, Бағлан Әбдірайымов қалай өз-өзін жеңді? Елдің көзіне тік қарай алмайтын халге жеткен Бағлан Әбдірайымов жаман әдеттің өмірі мен шығармашылығына қалай әсер еткенін айтып берді. Жары күйеуін лас жолдан алып шығу үшін қандай амалдар жасағанын айтты.

Бұл туралы әнші «Пендеміз ғой» бағдарламасында айтты.

«Шыны керек, тойға барсаң, қариялар бата бетіп жатады, аналарымыз маңдайыңды сүйіп жатады. Көзің жанбағаннан кейін, ішің бықсық болғаннан кейін батаның керегі қанша? Ішімде ұрының арты қуыс болып тұратын. Елдің көзіне тіке қарай алмайсың», - дейді әнші. 

Казиноны 1 жылдан астам уақыт бойы жағалаған Бағлан Әбдірайымов үйі мен көлігінен басқа, 200 мың доллардан астам ақша қарыз болып қалған.
Құмар ойынға қарай қалай аяқ басып, қарызға белшесінен батқаны жайлы: «Көрсеқызарлық болды, еліктеушілік болды, осының барлығы соңында азартқа әкеп соқты. Жақындарымның сенімін жоғалтқаннан кейін ломбардтарға баруға тура келді», - дейді өнер иесі.

Осы тұста күйеуін қайтсем құмар ойыннан алып шығам деген әншінің жұбайы Роза Айтбаева тіпті көптеген психологтарды оқи бастаған.



«Менің бар ойым – Бағланға мұның дұрыс емес екенін, ар жағы не болатынын жеткізу болды. Көп психологтерді ақтарып, оқи бастадым. Бағланды шығарып алу үшін. Олар ешкімді естімейді екен. Басқа жолдарды қарастырдым. Түсінгенім, әркімнің санасына жетеді», - дейді ауыр күндерді еске алған жұбайы.

«Құмар ойындардан мені әуелі Құдай алып шықты. Құдайдың назарына іліксең ғана алып шығады деп ойлаймын. Басты мәселе – адамның мойындамауында. Бауыржан Момышұлы атамыздың сөзі бар «Ер азамат үш түрлі қартаяды. Біреуі шал болады, біреуі ақсақал болады, біреуі абыз болады».

Ақсақал мен абыз енді белгілі. Шал деген кім десе, қазан-ошақтың айналасында, өсек-аяңның айналасында жүретін, тек шашы мен сақалы ағарған өмірі босқа өткен адам. Сөйтіп, ойландым. Егер осы жүрісті қоймасаң, шалдың да деңгейіне жетпей қалайын деп тұрсың ғой деп». 

Бүгінде құмар ойындарын ақымақтың тірлігі санайтын азамат қарыздарын құтылуға таяған. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр