Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бағлан Әбдірайымов: "Жігіттер" квартетінде жүріп, Мәскеуге барып қауын саттым

Әнші Бағлан Әбдірайымов өнерде жүріп те біраз кәсіптің түрімен айналысқанын айтады. Өнер иесі елге танылып үлгерген соң да, Мәскеуге барып қауын сатқанын мойындады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Қазақстан" Ұлттық арнасының "1001 түн" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Әбдірайымовтің айтуынша, кәсіппен айналысуына айналадағы достары мен коронавирус пандемиясы себеп болған. 

"Айналамдағы достарымның бәрі кәсіпкер. Мен де соларға қарап, шабыт алып, көрейінші дедім. Пандемияның әсері болуы да мүмкін. Өйткені сол кезде өзім мініп жүрген көлігімді сатып, 7-8 жылқы, бие сауып, қымыз саттым", - дейді әнші.

"Жігітке жеті өнер де аз" дегенді желеу еткен Бағлан жұмыссыз отыра алмайтынын айтады.

"2016-2017 жылдары "Жігіттер" квартетінде жүріп, Мәскеуге барып қауын да сатып келдім. Одан 7-8 жыл бұрын Сырымбек Таумен Қытайға барып, тағы бір кәсіп түрін зерттеп келдім. Бірақ ол бізге болмайды екен", - дейді Әбдірайымов.


"Мен де әділ бағасын берер едім": Бағлан Әбдірайымов қызының "Қазақстан дауысы" жобасына қатысуы туралы


Өнер иесі атақ-даңқтың кәсіпті жүргізуге қаншалықты әсері бар екенін түсіндірді.

"Кәсіптің ішкі тәртіптері бар. Сол тәртіппен жүрмесең, ақшаң қанша көп болса да немесе атағың жер жарып тұрса да, сауатты болмасаң, оңбай түсесің", - дейді ол.

Десе де, әнші бизнес әлемінде "күйіп кеткен сәттерінің болмағанын" атап өтті. 
 

Талқылау