Бағдат Сәмединова қызын аяусыз ұрып, пышақтамақ болған күйеу баласы туралы айтты
Әнші алғаш рет күйеуінен қорлық көріп, аяусыз таяқ жеген қызының тағдыры туралы айтып берді.
Бұл туралы Қазақстан арнасының “Әйел бақыты” бағдарламасында айтылды.
Бағдат Сәмединова отандық бағдарламалардың бірінде отбасылық өмірде көп қиындық көргенін айтқан болатын. Күйеуінің соққысына шыдамаған ол 16 жылдан кейін ажырасып кеткен. Жұбайлардың бүгінде ортақ екі қызы бар. Әнші алғаш рет қызы Меруерттің де өзі секілді күйеуінен қорлық көргенін айтып берді.
“Менің үлкен қызым Меруерт кішкене тұйықтау. Қазір ол да бала тәрбиелеп, қыз асырап отыр. Сондықтан менің мүмкін жіберген қателіктерім бар шығар. Меруерттің күйеуі намазхан адам болды. Өзі бір жаман ағымдар да болды. Бұған кішкене қысым көрсетті. Паранжа жамылуға күштеді. Екеуі қазір бірге тұрмайды. Баласын дәрігерге алып баруға кеңес бердім. Менің көңілімді қимай “иә” дей салады. Бірақ бармайды. Бір күні таңертең көлікпен келіп, оларды өзім алып бармақ болдым. Күйеубалам маған шығып амандасқан да жоқ. Дәрігерге көрініп біздікіне бардық.
Қызымды үйіне жіберсем, барғысы келмейтінін айтты. “Мен баламды дәрігерге апардым. Қазір мені таяқтайды” дейді. Істемегені қалмаған, үнемі таяқтайды екен. Құлағынан қатты ұрып зақым келтірген. Содан 10 күндей үйде тұрды. Одан кейін күйеубалам өзі кешірім сұрап, қызымды қайттан алып кетті. Қапшағайдағы әпкесінің үйіне барды. Сол жерде бұны мылтықпен, пышақпен қорқытатын әдеті тағы басталды. Бір күні қатты ұрған екен. Пышақтай берген сәтте қызым қашып шыққан. Бір орыстың үйіне барып тығылыпты. Маған хабарласып, сол жерден келіп алып кетуімді өтінді. Сонымен екеуі айырылысты”, – дейді Бағдат Сәмединова.
Жіберіп алмаңыз:
Қыдырәлі Болманов Қазақстанның саябақтарына өз әткеншектерін орнатпақ
Жұрт карикатура үшін соттаспақ болған Қыдырәлі Болмановтың шешімін масқаралады
Маржан Арапбаеваның кезекті образы тыңдармандарын шошытты
Баян Есентаеваның жаңа сүйіктісінің екі ересек баласы бар (фото)