Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бағдат Сәмединова: Қазіргі ер азаматтар өз жауапкершілігін сезінбейді

Бағдат Сәмединова “Әйел бақыты” бағдарламасына алғаш келген кезде отбасылық өмірде көрген қиындықтары туралы айтып берген еді. Күйеуі қол көтеріп, қайын әпкелері күн көрсетпеген екен. Әнші бұл жолы ер азаматтардың жауапкершіліктің не екенін түсінбейтінін тілге тиек етті.

maxresdefault

Бұл туралы “Әйел бақыты” бағдарламасында айтылды.

“Ер адамның өз міндетін білмеуіне қатысты көп әңгіме қозғалады. Бірақ, бұдан еш нәтиже жоқ. Қазір заман солай болып келе жатыр. Ер азаматтар өзінің жауапкершілігін аз сезінеді. Бәрі сыртқа, жан-жаққа қарайды. Артынша бәрінде осындай жағдай болып жатқанына көз жеткізеді. Іштей “Маған неге олай жасамасқа?” деп ойлайды. Бұдан өзге керемет жалқаулықтары бар. Көп ұрыс-керіс осыдан бастау алады. Кей азамат, тіпті, әйелінің базарда ыстыққа күйіп, суыққа тоңып тұрып тапқан табысын өзіне жаратады. Мұндайда ар-ұят мәселесін шетке ысырып қояды. Біздің үлкен кісілеріміз “Өз әйеліңді асырай алмасаң, несіне үйленесің?!” деп айтып отырады”, – дейді Бағдат Сәмединова.

Осы орайда, бағдарлама жүргізушісі Ләйлә Сұлтанқызы әншіден өзінің әкесі туралы сұрап көрді. Алайда әнші ол кісінің ертеректе қайтыс болып кеткенін айтып, әкесіне қатысты тіс жармады.

“Менің әкем жас кезінде қайтыс болып кеткен. Ол кісінің сыртынан ешнәрсе айта алмаймын. Өмірден өтті, кетті. Ол кезең басқа кезең болатын. Үлкен кісілер ер адамдарға өздерінің міндеті туралы көбірек айтып отыратын. Кішкене болсын, ұят пен жауапкершілік болушы еді. Егер сөзінің салмағы бар кісілер ескерту айтып отырса, ер азаматтар мұндай іске бармайды. Ал қазір мүлдем ұялмайды. Құдды дүкенге бара жатқандай. Қыздар да “Үйленсек, үйленерміз. Үйленбесек, бір бала туған соң ажырасып кетерміз” деп жатады. Меніңше, ылғи кінәні әйелге жаба берген дұрыс емес. Ол бейшара не істей алады? Еркегі ақшасын тауып беріп, өзін алақанына салып аялап отырса, ол қайда кетеді? Сол үйдің баласына қарап, күйеуін мәпелеп отырады емес пе?!” – дейді әнші.

Осы орайда, қазақстандық заңгер күйеуінен материалдық тұрғыда қамқорлық көрмеген әйелдерге мемлекет тарапынан қандай көмек көрсетілетінін айтып өтті.

“Заң бойынша, 10 жасқа дейінгі балалар көп жағдайда анасының қолында қалады. Ал 10 жастан кейінгі балаларға таңдау құқығы беріледі. Яғни әкесіне немесе шешесіне баратынын өзі таңдайды. Ер-азаматтарға алимент төлеу жүктеледі. Олардың құқықтары жалпы бірдей. Егер алименттен бас тартса, оны қасақана төлемей қойса, әкімдік, қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Одан кейін жалғызбасты ана ретінде тіркелгендерге әлеуметтік қамсыздандыру бар. Жартылай отбасыларды үймен, әлеуметтік жәрдемақылармен қамтамасыз етеді. Медициналық сақтандырулар тегін беріліп, балабақша мен мектептен жеңілдіктер беріліп отырады”, – дейді Айнұр Махметова.


Жіберіп алмаңыз:

Төреғали мен Еркені бірге көрген жұрт өзара қырқысып қалды

Баян Мақсатқызы Санкт-Петербургтан өзінің ескі суреттерін тауып алды (фото)

Асхат Садырбай Алматы әуежайына Қонаевтың есімін беруді ұсынды

Димаш қатысқан Singer жобасының қазақстандық нұсқасы пайда болды

Талқылау