"Бағдарламаны тоқтатуымды өтінді": Баян Мақсатқызы марқұм Арман Дүйсеновтің ұлының өліміне қатысты үндеу жасады
Белгілі продюсер Баян Мақсатқызы марқұм сазгер Арман Дүйсеновтің ұлының өліміне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/bayanmaxatkyzy/
Өнер иесі марқұм жігітпен алғаш әрі соңғы рет хабарласқанын айтты.
“Өте қаралы хабар естіп отырмын. Жақын досым Арман Дүйсеновтің ұлы Абылай қайтыс болыпты. Иманды болсын! Осыдан 10-12 күн бұрын маған Абылай хабарласқан еді. Ол баланы көріп жүргеніммен, ешқашан маған қоңырау шалмаған. Туған әпкесіне хабарласқандай, көмек сұрады. Түсінгенім бойынша, бір бағдарламада марқұм сазгердің жеке өмірі талқыланады екен. Оған бірнеше шоу-бизнестегі адамдар қатысып, марқұм туралы жағымсыз ақпарат айтыпты. Ол кезде бағдарламаның эфирге кететініне екі сағат қалған. “Абылай, сен кеше хабарласқаныңда көмектесер едім. Бірақ екі сағат қалғанда қолымыздан ештеңе келмейді” дедім. Ол баланың жанайқайы әкесінің атына жағымсыз пікір айтылғаны еді”, – деді продюсер.
-
"Жаназасын үйімнен шығарғым келді": Индира Елемес марқұм Арман Дүйсеновті есіне алды
-
"Әлі күнге дейін әкелерін іздейді": Марқұм Арман Дүйсеновтің жары халыққа үндеу жолдады
Одан кейін журналист әріптестеріне қарата үндеу жасап, танымал адамның жеке өмірін талқыламауды өтінді.
“Бағдарламаға қатысқан адамдардың сөзін журналистер қолдап, соны тыңдап отырыпты. Жалпы, танымал адамдардың жеке өміріне қатысты әңгіме қозғауды тоқтатыңыздар! Олардың өміріне араласпаңыздар!”, – деді Баян Мақсатқызы.
Еске салайық, сазгердің ұлының өлімін журналист Ләйлә Сұлтанқызы естірткен еді.