"Бағасы – 500 мың теңге": Ақбота-Нұр ырымға сеніп, қызыл жіп сатып алғанын көрсетті
Танымал әнші Ақбота-Нұр Сейтмағамбет жаңа жыл қарсаңында алған сыйлықтарын көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Видеодан скриншот
Өнер иесі қымбат сағатының бағасын да жасырмады.
“Сахнада жүргесін тек концерттерге киетін көйлектерім ғана қымбат тұрады. Тіпті, күнделікті киімді базардан да алып кие беремін. Сән қуамын деп айта алмаймын. Бастысы — өзіме ыңғайлы әрі ұнайтын киімдерді киемін. Көбіне біртүсті, артық дизайны жоқ киімдер аламын. Қолымдағы Cartier сағатым 7 290 000 теңге тұрады. Осыдан бір апта бұрын сатып алдым. Сіздерге де жұғысты болсын! Ырымшыл халықпыз ғой. Қызыл жіпті тағу туралы айтқан еді. Қайта-қайта ауырып жүргендіктен, бардым да Cartier-дің жібі мен алтынын ала салдым. Бағасы шамамен 450-500 мың теңге көлемінде”, – деді Ақбота-Нұр.
Еске салайық, эстрада жұлдызы жақын арада тұрмысқа шыққысы келетінін де айтып қалған еді.
“Ақ көйлек кию маған да бұйырды. Аллаға сансыз шүкір деп айтатын күн де алыс емес. Жақсы күн жақындап қалған сияқты, жақсыларым. Тәтті пікірлеріңіз болса, мархабат”, – деп жазған еді әнші.