Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бағаның күрт өсуіне жол бермейміз": Премьер-министр жанармай мен газ бағасын көтеру қажет екенін айтты

Премьер-министр Олжас Бектенов үкіметтің кеңейтілген отырысында елде жанармай мен газ, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және теміржол тасымалы салаларында бағаны көтеру қажет екенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.  

жанармай

Фото: pixabay.com

Бектенов біртіндеп нарықтық баға саясатына көшу осы салаларға қажет инвестицияларды тартуға және жанармай тапшылығының алдын алуға мүмкіндік береді деді.

“Экономиканың өсуі инфрақұрылымға салынатын қарқынды инвестициялармен қатар жүруі керек. Алайда экономиканың қаржыландыру көлемі үлкен секторларында бағаны шамадан тыс мемлекеттік реттеу бұл міндетті қиындата түсіп, инвестициялық әлеуетті төмендетіп отыр. Үкімет жанар-жағармай материалдары мен газ бағасын, сондай-ақ тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және теміржол тасымалы салаларындағы тарифтерді кезең-кезеңмен ырықтандыруды бастады. Біртіндеп нарықтық баға саясатына көшу осы салаларға қажет инвестицияларды тартуға және жанармай тапшылығының алдын алуға мүмкіндік береді”, – деді премьер.

Бектенов елде бағаның күрт өсуіне жол берілмейтінін мәлімдеді. 

Талқылау