Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада депутаттыққа үміткер әйелінің декларациясы үшін кандидаттықтан алынып тасталды

Астанада мәслихат депутаттығына кандидат ОСК-ның шешімімен келіспей, апелляциялық шағым түсірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay.com

8 желтоқсанда Астанада мәслихат депутаттығына сайлау жарияланды. Округтік сайлау комиссиясының (ОСК) 11 қарашадағы хаттамалық шешімімен К маслихат депутаттығына кандидат болып тіркелді. Сол күні ОСК Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментіне талапкер мен оның зайыбы Т-ның мәлімдеген активтері мен міндеттемелері туралы мәліметтер тексерілді.

“Кандидаттың әйелі активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда бағалы қағаздардың бар-жоғы туралы ақпаратты көрсетпеген. Сол себепті К-ны мәслихат депутаттығына кандидат ретінде тіркеу туралы хаттамалық шешімнің күші жойылды. Ол аталған шешіммен келіспей, Астана қаласының әкімшілік сотына оны даулау туралы талап қойды”, – делінген хабарламада.

Сөзінше, әйелі жаңа декларацияны ұсынған. Сол үшін ол қайтадан тіркеле алады.

"Қазақстандағы сайлау туралы" конституциялық заңның 104-бабы 2-тармағының талаптарына сәйкес, кандидат пен оның жұбайы тiркеуге дейiн мемлекеттік кіріс органдарына активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы белгiлеген тәртіппен және нысанда ұсынады”, – деп мәлімдеді сот.

Кандидат пен оның жұбайы декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәлiметтердiң анықтығын мемлекеттік кіріс органдары кандидатты тiркеген күннен бастап он бес күнде тексередi.

Мемлекеттік кірістер органдарының мәліметіне сәйкес, кандидаттың зайыбы мәлімдеген активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтерден сәйкессіздік анықталды.

“Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес, кандидат немесе оның жұбайы декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыс емес екені декларация тапсыру кезінде анықталған жағдайда, кандидатты тіркеу туралы шешімнің күшін жояды. Декларацияда бағалы қағаздар туралы мәліметтерді көрсетпеу кандидаттың зайыбының активтері мен міндеттемелері туралы жалған ақпарат бергенін көрсетеді”, – делінген сот хабарламасында.

Сотта кандидаттың зайыбы, талап қоюшының өзі екінші деңгейдегі банктердің бірі арқылы сатып алынған бағалы қағаздары бар екенін растады. Сол үшін сот талап қоюшыны Астана қаласы мәслихатының депутаттығына кандидат ретінде тіркемеу туралы ОСК-ның қорытындысын заңды деп тапты.

Талқылау