Бүркіт: Қажет болса жауға қарсы алдыңғы шептен табыламын (фото, видео)
Жақын күндердің бірінде Израиль мен Солтүстік Африкада демалған жұлдызды жұп енді Дубайда жүр. Осылайша шетелде демалып жатқан әншілер Инстграм парақшасында жер сату мәселесіне қатысты пікір білдірген.
Фото: instagram.com/berkut_kazakhstan/?hl=ru
Бұл туралы Stan.kz сайты хабарлайды.
Бүркіт мырза әншілігінен бөлек, шетелге жиі шығатындығымен танымал. Соңғы бірнеше жылдан бері әнші барған жеріне отбасын да ала барады. Сәуірдің 22-сі күні Дубайға барған жұп әлі де сол мемлекеттің мәдени ошақтарын аралап, БАӘ-нің салт-дәстүрімен танысып жатыр.
Аталған елде достарымен кездесіп, көңілді кештер өткізіп жүрген әнші “Әр адамның өмірде бақытты және бақытсыз болуы, табысты және табыссыз болуы өз қолында. Алланың қолында екені онсыз да түсінікті болмаса, айтайын. Алланың қалауымен болады әр нәрсе. Дегенмен, үйде ешнәрсе істемей жата берсең, Аллах көмектеспейді”, – деп өмірінде әр нәрсеге адал жолмен қол жеткізіп жатқанын айтып өтті.
Мұнымен қатар, әнші шетелде жүріп Отанындағы жер мәселесіне қатысты пікір де білдірген. Ол жерді қорғаймыз деп арандатушыларға жем болмауға кеңес берген-ді.
“Инста жүйесінде біраз адамдар дау шығарып, сұрақ қойып, наразылығын білдіріп, жерімізге жаны ашыған жандар да бар. Онымен қатар, арасында жеке тұлғаларға тіл тигізіп жатқан “батыл сымақтар да” толып жатыр! Олардың біразы (бәрі емес) арандатушылар екенін байқап жатырмын! Халқым, сабырлық сақтаңыздар! Оймен, санамен өмір сүріп келе жатқан халықпыз. Бейбітшілікте сүріп келе жатқан өмірімізді бұзбақшы болып жүрген арандатушылардың соңынан ерудің қажеті жоқ! Ешқандай шеру жақсылыққа әкеліп соқпайды. Санамен қадам басыңыздар! Елім, жерім деп жүректері қазақпын деп соғатын ағаларымыз баршылық екенін анық білемін. Жеріміз ешқайда кетпейді, жеріміз өзіміздікі. Ал тіл тигізуші ұялы телефон батырларына айтарым – Алла сақтап, ондай күн тумасын. Еліміз бен жерімізге жау шапса, атқа мініп, атым болмаса жаяу жауға қарсы шабатындардың алдыңғы қатарында болатыныма күмәндарыңыз болмасын!” – деп әнші халықты жабайы көтерілістен сақтануға шақырды.
Әзірге қос ғашықтың аталған мемлекетте қанша күн болатынын, әлі де қай мемлекеттерді аралайтыны белгісіз. Десе де, демалыстары ойдағыдай өтіп жатқанын суреттерінен-ақ байқауға болады.
Оқи отырыңыз:
Әнші Бүркіт отбасымен бірге Солтүстік Африкада жүр
Әнші Бүркіт әйелі үшін темекіден бас тартты
Әнші Бүркіт ұлының есімін қойды
Әнші Бүркіт енді ұрлық жасамайтынын айтты
Әнші Бүркіт жары мен екінші ұлын перзентханадан салтанатты түрде шығарды