Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бүркіт: Әйел затын құрметтеуді үйреткен ата-анама мың алғыс

Әйел – отбасының ұйытқысы! Әйел бақытты болса, ер де, бала да, басқаша айтқанда бүтін отбасы бақытты. Бұл философиялық ойдың астарын әнші Бүркіт жақсы түсінеді. Сондықтан да жары Аишаның тыныштығы мен бақыты үшін қолдан келгенін аямайды, деп жазады Stan.kz.

Шоу-бизнестегі үлгілі отағасы атанып кеткен Бүркіт желідегі парақшасында әйел затына деген құрмет жайында ой бөлісті. Ол жастайынан әйел затын құрметтеуді үйреткен ата-анасына деген алғысын жеткізді.

“Ертеден ата-анам әйел адамзатын құрметте, жаман сөз айтпа, әйел кісі бірінші кезекте ол- Ана деп үйретуші еді. Қазір түсініп келемін, сол әу бастағы тәрбиенің зор мәні бар екенін. Қазірден бастап ұлдарыма осындай тәрбие беремін деп алдыма мақсат қойдым! Анасын құрметтеген қор болмас еш заманда! Әкеме мың алғыс! Анама мың алғыс! Әрине, мектепте де мұғалімдеріміз де кеңестерін беріп жатушы еді… Қазіргі мектептерде енді білмеймін, класс сағаттары өткізіле ме, жоқ па?! Тараздағы ол кезде Карл Маркс атындағы №12 мектебінің мұғалімдері күшті-ақ еді. Тәрбие-тәлімге байланысты болашағымыз”, – деп жазды Бүркіт.

Желідегілер Бүркіттің жазбасына тәнті болғандарын жеткізді.

“Нағыз еркектің сөзі, ата-анаңыз аман болсын”, “Қазағымда сіздей ер азаматтар көбейе берсін”, “Шіркін-ай, барлық еркектер сіз сияқты ойлап, түсінсе ғой”, – деп пікір білдірді олар.

Ертеден ата-анам әйел адамзатын құрметте , жаман сөз айтпа, әйел кісі бірінші кезекте ол- Ана деп үйретуші еді. Қазір түсініп келемін, сол әу бастағы тәрбиенің зор мәні бар екенін. Қазірден бастап ұлдарыма осындай тәрбие беремін деп алдыма мақсат қойдым! Анасын құрметтеген қор болмас еш заманда! Әкеме мың алғыс! Анама мың алғыс!❤️ Әрине, мектепте де мұғалімдеріміз де кеңестерін беріп жатушы еді… Қазіргі мектептерде енді білмеймін, класс сағаттары өткізіле ме жоқ па. Тараздағы ол кезде Карл Маркс атындағы #12 мектебінің мұғалімдері күшті-ақ еді. Тәрбие-тәлімге байланысты болашағымыз #taraz #тараз #instagood #instalike #berkutaisha #instaday #беркутаиша #БА

Публикация от Berkut Aisha (@berkut.kazakhstan)

Жіберіп алмаңыз:

Ерке Есмахан қырғыз әншісін сотқа бере алмайтын болып шықты

Сәкен Майғазиев: 3 жұмысымның айлығын әйелім алады

Ләйлә Сұлтанқызының кезекті кітабы ұятты тақырыпты қозғамақ

Майра Ілиясова Баян Есентаеваның өнерге сіңірген еңбегін жоғары бағалады

Талқылау