Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Азиядағы бірінші жағдай: Таиландта туристен маймыл шешегі анықталған

Таиландта маймыл шешегінің (Mpox) алғашқы жағдайы анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Pixabay.com

Бұл – Азияда бірінші жағдай. Таиландтың ауруларды бақылау және алдын алу департаментінің мәліметі бойынша, 66 жастағы еуропалық ер адам 14 тамызда Африкадан Бангкокқа келген.

Ер адамда маймыл шешегінің белгілері Таиландқа келгеннен кейін пайда болып, ол дереу дәрігерлерге хабарласқан. Таиландта ауруларды бақылау және алдын алу департаменті науқастың қасында болған 43-ке жуық адамды анықтады. Олар 21 күн бақылауда болады.

Таиланд 42 елден келген саяхатшыларды ерекше тексереді.



Mpox-тың белгілері тұмауға ұқсас және терісіне жаралар шығады. Өткен жылы Конго Демократиялық Республикасында індеттен кем дегенде 450 адам мерт болды. Содан бері вирус көршілес бірқатар елдерге, соның ішінде Бурунди, Кения, Руанда және Угандаға тарады.

Енді Конгоның шығысында Clade 1b деп аталатын Mpox-тың қауіпті штаммы табылды, ол Таиландтағы туристен анықталды.

Еске салсақ, бұған дейін маймыл шешегінің өршуіне байланысты Қазақстан шекарасында бақылау күшейтілетіні айтылды. Сондай-ақ денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда маймыл шешегінің таралу қаупіне баға берді.

Талқылау