"Азия жүрегіндегі отандық өнім": Әсел Тасмағамбетова косметика өнімдерін шығаратын зауытты қалай құрды
Әсел Тасмағамбетова 12 жыл бұрын шағын жеке зертханада аздаған жабдықпен ҚазҰУ-дың химфак магистранттарымен бірлесіп, өндірістік қалдықтардың қоршаған ортаға зиянын зерттеуді жоспарлаған болатын.

Әсел Тасмағамбетова. Фото: Жанарбек Аманқұлов
Бұл кезде ол Алматының индустриялық аймағында ISO 22716 GMP стандарттары (Good Manufacturing Practice — фармацевтикалық, азық-түлік және жоғары технологиялық кәсіпорындарда өндіріске және сапаны бақылауға қойылатын талаптарды белгілейтін еуропалық стандарт) бойынша салынған Қазақстандағы алғашқы косметикалық өндірісті құруды мүлде ойламаған.
Forbes.kz порталына берген сұхбатында Әсел Тасмағамбетова химфакта оқытушы боламын деп ойламағанын айтады. Ол жас кезінде хирург болуды армандаған. Бірақ соңында "Халықаралық құқық" мамандығы бойынша диплом алды.
"Химия пәнінің мұғалімі анама “қайдағы медицина бар, ол тіпті химияға жақын емес” деп менің қабілетім жетпейтінін айтыпты. Осылайша менің медициналық институтқа түсу туралы арманым орындалмады. 90-шы жылдары барлығы қай жерге оқуға тапсыратын еді? Міне мен де сол КазГЮУ-ге түстім",- деді 44 жастағы төрт баланың анасы Тасмағамбетова.
Әсел заң факультетінде оқып жүрген кезінде өзінің мектептегі махаббаты мен құрдасы Кеңес Рақышевке (Forbes-те еліміз бойынша бай бизнесмендер рейтингінде 19-орында) тұрмысқа шығып, үлкен ұлын дүниеге әкелді.
Отбасылық өмір мен ана болу статусы Әселдің заңнан басқа да салаларға қызығушылығын сөндірмеді. Ол Мәскеу халықаралық экологиялық-саясаттану университетіне "экология және табиғатты пайдалану" мамандығына түсіп, екінші мамандық алуға шешім қабылдады. 2009 жылы "Үлбі металлургия зауытында бериллийдің адам денсаулығына әсері" тақырыбында дипломдық жұмысын сәтті аяқтады.
"Оқуға өте қызығушылық таныттым. Айтпақшы, сол кезде экологиялық химияны беске тапсырдым. Дипломым да химиялық тақырыпта болды. Ал диплом жетекшім — ММУ-дың химфак профессоры болды. Жалпы, өмір деген қызық қой! Басында нені қаласам, бәрібір сол нүктеге айналдырып қайта әкелді", - деп күлді Әсел.
Әсел сабақ бергісі келмегенін айтады. Бірақ профессор оны көндірген екен.
"Студенттерім магистранттар болатындықтан басында қатты қорықтым. Бірақ кейін олармен жақын араласа кеттік. Олардың арқасында су мен өндірістік қалдықтарды зерттеу үшін зертхана құрдым", - деп еске алады ол.
Арада жылдар өткен соң, кең әрі әлдеқайда жақсы жабдықталған бұл зертханада кәсіпкердің алғашқы косметикалық өнімі – Telli органикалық гипоаллергенді сабын жасап шығарды. Біраз уақыттан соң, 2024 жылдың маусымында Telli Ondiris зауыты іске қосылды. Оның көмегімен сабын, жуғыш заттар, тұрмыстық химия мен косметиканың ұлттық бренді құрылып өндірілді. Сонымен қатар, кәсіпорын Unilever мен P&G сияқты шетелдік алыптарды Қазақстан нарығынан ысыруға ниетті.
Еуропалық стандарт
2,5 мың шаршы метрді алып жатқан және қуаты жылына 30 миллион бірлік болатын зауыт негізінен жуатын көбікті өнімдерді (сабын, сусабындар, душқа арналған гельдер) шығарады. Дегенмен қазір күтім косметикасының жеке желісін де әзірлеуде. Бастапқы инвестициялар 4 миллион долларды құрады. Бұл шығынды төрт жыл ішінде өтеу жоспарланған. Ал GMP сертификаты жаһандық компаниялар үшін келісімшарттық өндіріс бойынша ауқымды жоспарларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
"Бұл стандарт кәсіпорында аймақтың, ауаның тазалығына, ауаның қысымының тұрақтылығына және бес сатылы суды тазарту жүйесіне беріледі. Біз мұның бәрін жобалау кезеңінде де ескердік. Жабдықтарымыз түрік пен беларусь елдерінен. Әрине, итальяндық түрін де сатып алуға болар еді. Дегенмен оңтайлы шешім іздеп, бюджетті көбейтпеуді шештік", — деп қосты Әсел.
Өндіріс және басқару іс жүзінде 1 °C: ERP жүйесімен толықтай автоматтандырылған. ERP (enterprise resource planning, кәсіпорын ресурстарын жоспарлау — өндіріс пен операцияларды, еңбек ресурстарын басқаруды, қаржылық менеджментті және активтерді интеграциялаудың ұйымдастырушылық стратегиясы, мамандандырылған бағдарламалық жасақтама арқылы ресурстарды үздіксіз теңестіруге және оңтайландыруға бағытталған жүйе).
“Бұл Telli Ondiris-ке кез-келген әлеуетті инвестор үшін толық пакеттік ұсыныс жасауға мүмкіндік беретін виртуалды зауыт. Өте ыңғайлы. Виртуалды нұсқа телефонымда жазылған. Барлық процестерді нақты уақытта көріп отырамын”, – деп түсіндірді Тасмағамбетова.
Өнімдер де олардың құтылары да дәл осы зертханада әзірленуде. Қазір жантақ (түйе тікенегі) хош иістері пайдаланылған өнім дайын.
Кәсіпкердің 15 жылдан астам уақыттан бері косметикамен айналысып жүр. Ал Telli дүкені алғаш рет Алматыда 2008 жылы ашылған.
"Бастапқыда Қазақстанға органикалық брендтерді әкелу мақсаты болған. Сол уақыттарда бұған сұраныс көп болды. Ал мұнымен айналысатындар жоқтың қасы еді. Дегенмен бұл міндетті біз сәтті шештік. 70-тен астам түрлі брендтер аштық және оларды таратумен айналыстық.
Әрине, басында үлкен өндіріс құру идеясы тек ойымда ғана тұратын. Оны іске асыруға бекімей жүрдім. Ал пандемия кезінде бұл идея ойымнан кетпей қойды. Себебі шекаралар жабылған кезде елімізде кез келген адамның күнделікті қажеттілігін қанағаттандыратын отандық өнімнің жоқ екенін ұқтым. Сонда да бұл Украинада соғыс басталғанға дейін бизнес идея емес жай ойлар болып қалды. Кейін Ресейде өндірістері бар және посткеңестікті қамтитын үлкен халықаралық концерндердің бұл елден кететіні белгілі болды. Мүмкін олар Қазақстанды релокация нүктесі ретінде қарастыратын шығар деген ой келді. Бұл үлкен бетбұрыс болды. Бұл жолы ойымдағы идеяға шынымен назар салып, Түркиядағы, Италиядағы зауыттарды араладым. Олардың қалай жұмыс істейтінін көрдім. Сонымен қатар, мұның қанша уақытқа созылуы мүмкін екенін болжадым”, - деп қосты Тасмағамбетова.

Әсел Тасмағамбетова. Фото: Жанарбек Аманқұлов
Әсел дистрибуциядан тапқан өз қаражатын инвестициялады.
"Telli нишасы кішігірім болғандықтан біз оны массмаркет жасамадық. Дегенмен сонда да ол жеткілікті табыс әкелетін кәсіп болды. Маржа 50%-ға, айналым бірнеше миллиард теңгеге жетті. Сондықтан 17 жыл ішінде біз табыс тауып, оны жинап та үлгердік", — деді кәсіпкер.
Зауыт Almaty Finance (кредиттік ұйым) компаниясында жылдық 6% - бен 500 миллион теңгеге баламалы жабдықты сатып алуға несие алды. Енді косметикалық желіге өңдеу өнеркәсібін қолдау бағдарламасы бойынша "Даму" компаниясынан 1 миллиард теңге несие алу жоспарлануда.
“Мұндай кепілдіктер әрқашан қажет. Тұрақты айналымға ие болған кезде, біз де бұл тәсілді қолданамыз. Себебі кәсіпке әрқашан салым құйып отыру керек. Ал мұндай кезде құрылысты қалыптастыру үшін елімізде төмен пайызда тамаша бағдарламалар бар”, – деп қосты Әсел.
Ол зауытты дер кезінде ашқанына сенімді. Қазірдің өзінде Magnum мен Galmart желілерінен тапсырыстар келіп түскен. Magnum-ға арналған Іmi желісі бір жылға жуық әзірленіп, осы айда дүкен сөрелеріне қойылған.
"Біз тек маусым айында ашылдық. Алайда Avon мен Faberlic бізбен байланыс жасап үлгерді. (Себебі еуропалық шикізатқа тәуелді болған ресейлік өндірушілер бұл салада кедергілерге тап болды). Қазір өндіріс туралы келісімшарттық келіссөздер жүріп жатыр", — деп қосты кәсіпкер.
Әсел алдағы уақытта мұндай ұсыныстардың көбейетініне сенімді. Себебі қазан айының басында Unilever Ресейдегі өндірісін жауып, оның нарығынан біржола кеткенінін мәлімдеді.
Ұлттық бренд
Тасмағамбетова Unilever-дің өз өнімдерін Түркия, Польша, Ирандағы зауытынан әкелудің орнына, алдағы уақытта қазақстандық кәсіпорнынға неліктен жүгінетінін түсіндіре кетті.
"Әрине ірі компаниялар барлық елдерде, әсіресе дамушы елдерде үстемдік етеді. Бірақ кәсіпте көлік шығындары да өте маңызды. Әсіресе қазір соғысқа байланысты логистикалық жол арасы ұзап кетті. Шетелдік компаниялар үшін нарық үлесі маңызды. Себебі ол биржалық бағамдарға әсер етеді. Олар Ресейден кеткенімен, Қазақстанда бұрынғыша қалып отыр. Себебі бізде өзіміздің мықты ұлттық брендіміз жоқ. Дегенмен біз бұл фактті өзгертіп жатырмыз. Оның ішінде баға бойынша бәсекелестік тудырамыз. Мәселен, Magnum сөресіндегі шетелдік тауар1600 теңге болса, Imi өнімдері оған қарсы 1200 теңгеге бағаланады. Бұл сусабын, душқа арналған гель, сабын сияқты барлық қажетті заттар. Galmart-та да дәл солай болады. Бұл ретте отандық өнімдеріміздің сапасы керемет. Мен бұған уәде беремін", - деді кәсіпкер.
Әсел шетелдік компаниялармен ынтымақтасу туралы ұсыныспен жүгінудің тіптен қажеті жоқ екенін алға тартты. Айтуынша, дүкен сөрелеріндегі баға айырмашылықтары мен тұтынушылар таңдауы өзгерген кезде олардың шетелдіктердің өзі отнадық компаниямен байланысқа шығады. Себебі шетелдік компания әркез нарықтағы бағаға бақылау жасап отырады.
Тасмағамбетовтың сапасына дәл қазір кепілдік беруге дайын, бірақ "жағымды" баға әлі де пысықтауды қажет етеді.
"Ең үлкен мәселе — құты мен сыртқы қаптамасы болып отыр. Қазақстанда косметиканы қаптап шығару индустриясы мүлдем дамымаған. Сол себепті құты қаптаманы Қытайдан алдыруға тура келеді. алайда бұл қымбат. Сондықтан біз Қытайда преформаны жасадық. Қазір "Астана пэтпен” жұмыс істеп жатырмыз. Олар бұған дейін тек сыра мен суға арналған құтылар шығарған. Яғни, біз мүлдем жаңа қырын ашамыз. Бұл одан әрі дамиды деп үміттенемін. Өйткені қаптаманың бағасы қазір өзіндік құнның жартысына жуығы болып отыр. Оны жасаудың да өзіндік талаптары мен стандарттары бар. Әрине біздің өнімдеріміздің құны бәсекеге қабілетті болғанын қалаймын. Бұл үшін әлі де жұмыс істеу керек. Бұл өндіріс көлеміне де байланысты болады", - деді іскер әйел.
Ол "Красная Калина" мен "Бархатные ручки" өнімдерінің тарихынан шабыт алатынын жеткізді. Себебі нарықтағы үлесті 40 - ға жеткен кезде, Unilever “Калинаны" 850 миллион долларға сатып алған еді.
Ділдә мен Асия
Келісімшарттық өндірістен басқа, зауыт ASIYÄ брендімен душқа арналған гельдер, сұйық сабындар, сусабындар мен кондиционерлердің жеке желісін шығара бастады. Жазуды қазақ латынша "Азия" немесе "Асия" деп оқуға болады. Азия — Олжас Сүлейменовтің әйгілі "Аз және Я" кітабының атауына арналған. Ал Асия – Әселдің әжесінің есімі. Әсел жас отбасының алғашқы баласы ретінде алты жасына дейін Ділдә есімді тағы бір әжесінің қолында тәрбиеленген. Сондықтан Telli компаниясының атауы парсы тілінде осы Ділдә әжесіне арналғандай.

Фото: Telli Ondiris
"Бұл екі бренд ойламаған жерден өмірімдегі ең маңызды әйелдердің есімдерімен байланысты болып отыр. Сол себепті сәттілікке жетелер деген үмітпен қандай да бір мағына бердім. Ал ASIYÄ брендінің атау мағынасы қарапайым. Біз Азияның жүрегінде өмір сүріп жатырмыз. Дегенмен бұл сегментте азиялық ештеңе шығармаймыз. Сондықтан өндірісімізде "жантақ-ваниль" бар. Жапсырманың бұрышындағы Made in Kazakhstan жазуының жанындағы кішкентай бейне киіз үйге де, пиалаға да ұқсайды. Мұнымен еліміздің ұлттық нақышымен қандай да бір сәйкестіктің болғанын қалаймын. Біздің өнімдеріміз де “Рахат” шоколады сияқты кәдесыйға айналса деймін", – деді Әсел.
ASIYÄ өнімдері жақында ғана дүкен сөрелері мен маркетплейстерге шықты.
"Пікірлер өте жақсы. Бұл ретте 350 миллилитрлік құтының құны небәрі 2000 теңге. Әрі қарай біз өңірлік желілерге және "Золотое яблоко" дүкендеріне шығуды жоспарлап отырмыз. Зауыттың қуаттылығы бүкіл Қазақстанды қамтуға мүмкіндік береді.
Қазір тұтынушылар бұрынғыдай бренд қумайды. Мәселен, 2008 жылдары кәсіпті бастаған кезде, ақпарат ағылшын тілінде жазылмаса бірден күмән тудыратын ", — деді Тасмағамбетова.
Айтуынша, соңғы жылдары елдегі тұтынушылардың сұраныстары айтарлықтай өзгерген. Telli бренді де өнім желісін кеңейтіп жатыр.
"Бұл қазірдің өзінде қымбатырақ сегмент. Ол екі таңертең және кешке күтім желісінен тұрады. Біз оны сөрелерге жаңа жылға қарай 1 желтоқсанда қоямыз", - деп қосты кәсіпкер.
Тасмағанбетова мемлекеттік сатып алу кезінде органдар шетелдік өндірушінің өнімдерін емес, жергілікті аналогқа артықшылық берсе, отандық кәсіпке қолдау беретінін алға тартты.
Сонымен қатар, косметиканы тарату бойынша жергілікті бизнес Ресейдің "Золотое яблоко" желісіне кірмек.
"Олардың көлемімен салыстырғанда біздің отандық өнімдердің қаржылық табысы төмен. Банкроттыққа дейінгі жағдайда жергілікті дистрибьюторлар-ЕАЭО жағдайында олар мұндай агрессивті шабуылдан мүлдем қорғалмаған. Telli қазір "Золотое яблоко" желісіне өнімді өзіміз жеткізудеміз. Ал, өндірісті дұрыс уақытта шығардық", - деп түсіндірді сұхбаттасушы.
Оның айтуынша, нарықта тұрмыстық химияға сұраныс бар. Кәсіпорын қазірдің өзінде сұйық кір жуғыш заттарды шығара алады. Және осы бағытта жұмыс істеуде.
Экспорт артықшылықтар
Кәсіпорын үшін ең перспективалы және тартымды нарықтар — Қытай мен Үндістан болып отыр.
"Біз экспорт туралы әлі терең шешімге келмедік. Бірақ алдын ала талдау жасадық. Қытай нарығына ену Үндістанға қарағанда әлдеқайда қиынырақ. Мұнда сертификаттаудан өту үшін бірнеше деңгейлі әрекеттерді орындау керек. Соның ішінде атауын қытай тіліне өзгерту шарт. Ал Үндістанда бұл әлдеқайда оңай. Процестің көп бөлігін онлайн режимінде аяқтауға болады және сертификаттау Қытайдағыдай қиын емес. Ең бастысы – бұл елдерде төлемге қабілетті сатып алушылар бар", - деп қорытты ол.
Зауыт халал сертификатын алған. Сондықтан тіпті ислам елдеріне экспорттала алады.
Буршлам мен итбалықтар
Айтпақшы, ҚазҰУ-дың магистранттары отыратын сол шағын зертхана жеке кәсіпке ұласты және мақсатына сай Орталық Азиялық қоршаған ортаны зерттеу институтына (CAIER) айналды.

Фото: Жанарбек Аманқұлов
"Бұл — өте перспективалы бағыт. Бізде экология саласының мамандары көп емес. Біз тұрақты даму саласында консалтингпен айналысамыз", — дейді Тасмағамбетова. — Мұнаймен ластанған топырақты одан әрі өңдеу арқылы құрылыс материалдарына жаратып, тазалауды дамыту – маңызды жетістіктеріміздің бірі. Бұл қазір мұнай өндіретін аймақтарда үлкен мәселе болып отыр. Бәрінің бетін жай ғана құммен жаба салады, содан бір шақырымға созылатын жарамсыз жер пайда болған. Бұдан үй салмайтыны анық, бірақ ол құрылыс материалдарын қаптауға өте қолайлы", – деді Әсел.
Оның сөзінше, технология бұрғылауға қолданылатын, зиян компоненттермен қаныққан бұрғылау шламдарының ревитализациясына да қолайлы.
"Біз, жалпы, бастапқыда қандай да бір үлкен нәрсе істейміз деп жоспарлаған жоқпыз. Бұл нарықта жұмыс көлемі үлкен, бірақ бәсеке де жоғары. Сондықтан жұмыс тұрақты болғанымен, әлі де шағын кәсіп", – дейді ол.
Институттың коммерциялық емес тағы бір жетістігі – 2020 жылы Каспий итбалығының Қызыл кітапқа енуі. Осы мақсатта 2019 жылы Қазақстанда бірінші Каспий итбалығын зерттеу және қалпына келтіру орталығы құрылды.
"Жалпы, біз бұл салада 10 жылдан астам уақыт бұрын жұмыс істей бастадық. Басында жай ғана популяциясына қатысты ақпарат жинадық. Содан бері жағдай күрт нашарлады. Итбалықтар жоғары вирусты жүктеме салдарынан жаппай қырылып жатыр, себебі қоныс аударатын құстар оларға құс тұмауын жұқтырады. Ал ластанған ортаның әсерінен олардың иммунитеті әлсіреген, содан індет кең етек жайып кетеді дейді Тасмағамбетова. "Біздің міндетіміз барлық мүдделі тарапқа ашық болатын дерекқор жинау болды. Өйткені итбалықтардың жаппай өліміне қатысты бұрынғы зерттеулердің барлығын мұнай компаниялары қаржыландырғанын және жіктегенін білдік", -деді ол.
Кәсіпкердің өзі халықаралық сарапшыларды шақырып, бірнеше экспедицияны қаржыландырып, ұйымдастырған. Жасалған талдаулар теңіздің, соның ішінде оның ауыр металдармен ластануы артқанын көрсетті.
"Каспий мұнайының агрессив түрде құбырларды бүлдіретіні ешкімге құпия емес. Бұған жүк тасымалының өсуі, паромдар мен мұзжарғыштардың бәрі қосылды... Каспий теңізінің биоалуантүрлілігін бұзып жатқан — адам әрекеті", – деп күрсінді ол.
Ол бес жыл бұрын Ақтауда Каспий итбалығын қалпына келтіру және зерттеу орталығын ашқан. "Себебі жергілікті мамандарды дайындау керек екенін түсіндік. Тіпті Алматыда жоқ. Сынамаларды сараптау үшін Ресейге жіберіп жүрдік", — деп түсіндірді Тасмағамбетова. — Алғашқы жылдары жаралы және ауру итбалықтарды көп тауып, диагностика және емдеу хаттамасын жасадық. Емделгеннен кейін олар қайтадан теңізге жіберілді. Бірақ былтырғы Дағыстандағы қырғыннан кейін көп буаз итбалық қайтыс болды. Жағдай өте өкінішті деңгейге түсті. Қазір біздің орталық бос тұр, себебі біз жануарларды мүлдем көрмей жүрміз". Сонымен бірге оның айтуынша, итбалықтың жалпы саны қанша екені әлі белгісіз. Себебі бес елде де санау әдістемесі әртүрлі. "Кейбіреулер итбалықтардың саны 300 мың, сондықтан уайымдаудың қажеті жоқ дейді. Біздің ойымызша, бұл – көтермелеп айтылған сан. Жалпы саны тіпті 100 мың да емес деп ойлаймыз. Қазірдің өзінде біз бұл түр толық жойылу алдында тұр деп айтудан шаршадық. Каспий итбалығы – Каспий теңізінің саулығының басты белгісі, бұл өте өзекті мәселе", – деп күйінді респондент.

Фото: Жанарбек Аманқұлов
Әсел Балтық теңізі бойынша Хельсинки конвенциясын мысалға келтірді. Сол кезде көршілес елдердің дер кезінде қолға алған бірлескен шарасы жойылу алдында тұрған Балтық итбалығын сақтауға көмектесті.
"Бізде Тегеран конвенциясы бар, бірақ ол жұмыс істемейді. Мен бұл мәселені екі экология министрінің алдында көтердім. Талдау материалдарын жаздым, теңіз биоәртүрлілігі саласындағы халықаралық сарапшылардың қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастыруды сұрадым. Ештеңе болып жатқан жоқ деп, қол қусырып отыра беруге де болмайды. Екі министрмен де кездестім. Бірі сондай жас қыз болды. Ол үнсіз тыңдады, болды. Екінші министр де мені тыңдады, бірақ содан кейін хаттарыма жауап бермей қойды. Енді ешқандай министрлікке бармаймын. Қолымнан не келеді, соны істеп жатырмын және осыны жалғастыра беремін", – деп түйіндеді Тасмағамбетова.
"Дәрінің құны 1,5 миллиард теңге": Бұлшықеті әлсіз қазақстандық бүлдіршінге денсаулық сақтау министрлігі көмек көрсетуден бас тартқан