Азия чемпионаты: Оразбек Асылқұлов жартылай финалға жолдама алды
Қазақстандық боксшы Оразбек Асылқұлов Азия чемпионатының ширек финалында қарсыласынан айқын басымдықпен ұтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазақстан құрамасының боксшысы Оразбек Асылқұлов Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалына шықты. Отандасымыз ширек финалда таиландтық Пануват Чожан-Атпен жұдырықтасты. 57 келі салмақ дәрежесіндегі жекпе-жекте қазақ боксшысы төрешілердің шешімімен жеңіске жетіп, жартылай финалға жолдама алды.
Айта кетейік, Оразбек Асылқұлов Азия чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегінде малайзиялық Зулхайлан Мохамадты екінші раундта техникалық нокаутпен ұтқан еді.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"

