Азия чемпионаты: Финалға шыққан бес боксшымыз алтыннан алқа тақты
Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатының финалдық жекпе-жектері өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ҰОК
Қазақстан құрамасының әйелдер құрамы Азия чемпионатында бес алтын медаль жеңіп алды. Финалға шыққан бес боксшымыз да жеңіске жетіп, алтыннан алқа тақты. Виктория Графеева 60 келіге дейінгі салмақта қытайлық боксшыдан басым түссе, Аида Әбікеева 63 келіде вьетнамдық былғары қолғап шеберін қапы қалдырды. Сондай-ақ Наталья Богданова (67 келіге дейін) мен Гүлсая Ержан да (81 келіге дейін) қарсыластарынан басым түсіп, алтыннан алқа тақты. Елдана Тәліпова 81 келіден жоғары салмақта өзбекстандық боксшы Сатыбоодиевадан басым түсті. Осылайша, финалға шыққан бес боксшымыздың бесеуі де Азия чемпионы атанды.
Айта кетейік, бұған дейін финалға шыққан тоғыз боксшымыздың жетеуі өзбек боксшыларына қарсы жұдырықтасатынын жазған едік.
“2 миллиард теңгеге жуық“: Қазақстан өңірлері 2026 жылды қарсы алуға қанша қаражат жұмсайды?
Алайда биыл елордалықтар жергілікті бюджет қаржысын үнемдеген көрінеді
"Өліп қала жаздаған кездерім болды": Қарызға батып жезөкше болған қазақстандық табысы туралы айтты
Ләйлә: "Жетім қыздар, күйеуге шығайын деп жүргендер, бұрынғы күйеуінің несиесін төлеп жүргендер бар"

