Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әзірбайжан ұшақ апаты кезінде көмек берген қазақстандық құтқарушыларды марапаттады

Әзірбайжанның төтенше жағдайлар министрі, генерал-полковник Кямаледдин Гейдаров Қазақстан құтқарушыларын AZAL әуе компаниясының ұшағы апатынан кейін көрсеткен көмегі үшін марапаттады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі AZƏRTAC порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Министрдің қол қойған тиісті бұйрығына сәйкес, келесі қазақстандық құтқарушылар "Ынтымақтастық үшін" төсбелгісімен марапатталды:

  • Сейталин Азамат Серікұлы;
  • Аминов Тимур Владимирович;
  • Айдаров Қани Манапұлы;
  • Қараев Саясат Мұсаұлы;
  • Кенжеғалиев Мәжіт Серікбайұлы;
  • Құлханов Әзімбек Шыңдәулетұлы;
  • Күзембаев Ербол Ахметұлы;
  • Меңдібаев Наурызбек Ерланұлы;
  • Нұғыманов Ардақ Қойшыбекұлы;
  • Тілеубергенова Айман Мыңбайқызы.

Айта кетейік, бұған дейін апат кезінде ерлік көрсеткен 69 қазақстандыққа, оның ішінде жергілікті тұрғындарға, медицина қызметкерлеріне, өрт сөндірушілер мен құтқарушыларға алғыс хаттар мен мемлекеттік наградалар табысталған еді.



Еске салайық, 25 желтоқсанда Ақтау маңында Баку-Грозный бағыты бойынша ұшқан AZAL жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Ұшақ бортында 67 адам болған, оның ішінде экипаж мүшесі бесеу. Апат салдарынан 38 жолаушы қайтыс болды, 29 адам аман қалды. 30 желтоқсанда Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы (IATA) бұл оқиғаны мұқият және әділ тергеуге шақырды.

Талқылау