Ажырасқан келіншек жас жігітке алданып қалғанын айтып жылады
Ажырасқан келіншек жүріп жүрген жігітіне алданып қалған. Жігіті бірнеше күннің ішінде қайтарамын деп үлкен сомада қарыз алып, артынша із-түссіз жоқ болып кеткен. Осыған орай, ол жігіттерден сұраншақ болмауды өтінді.
Сурет: mirvkartinkah.ru
Бұл туралы “Үшбу хат” парақшасында жазылды.
“Қазір жасым 23-те. Оңтүстік өңірінің тумасымын. Ажырасқаныма екі жылдан асып барады. Бірінші некемнен бала жоқ. Қазір жүріп жүрген жігітім бар. Бірақ, ол бойдақ. Жетісайға Ташкенттен көшіп келген. Биыл магистратураның дипломын алды. Қазіргі таңда жұмыссыз. Мен оның кей қылықтарын түсінбеймін. Намаз оқи отырып шылым шегіп, сыра ішеді. Үнемі ақша сұрап қол жаяды. Тіпті, менен де осыдан бір апта бұрын 30 мың теңге қарызға алған. 3-4 күнде қайтаруы тиіс еді.
Бірақ, әлі қайтармады. Телефон нөмірін де сөндіріп тастаған. Соған қарағанда жаман адам секілді. Мен де ақымақпын сонша ақшаны бере салған. Енді оны қайдан табарымды білмей отырмын. Ақшамды алған жағдайда айырылысып кетпекпін. Сіздердің ойларыңыз қандай? Құрметті жігіттер, өтініш, дәл олай сұраншақ болмаңыздаршы. Қарыздарыңызды уақытында қайтарыңыздаршы олай жеккөрінішті болмай”, – деп жазады ажырасқан келіншек.
Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.
Жіберіп алмаңыз:
Балалықпен түсік тастаған бойжеткен әрекеті үшін өкініп жүр
4 баланың анасы “Бала туа бересің” деп сөккен қайын атасына ренжіп жүр
ОҚО-да ата-аналар балабақшадан балаларының аш қайтатынын айтып шағымданды