Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әжесі немересін ақылды ету үшін экстрасенстерге 43 миллион теңге төлеген

Ани Б-ның әкесі Ресейдің жеке мүлік министрлігіне қызмет етеді. Алайда, ақшасының барына қарамастан оның қызы жақсы оқи алмайды.

b5db6799d63e0dc66dc78f295e526a49__1440x

Лидия Б-ның немересі Менделеев атындағы Ресей химиялық-технологиялық университетінде оқиды. 23 жастағы студент қыз экзаменін жаба алмай жүр.

Әжесі радиодан сиқыршылар жайлы естіп, олардың көмегіне жүгінеді. Ол немересінің ақылды болуын, экзаменін жабуын қалаған.

Әжесіне сиқыршылар қашықтықта тұрып көмектесетінін, немересінің ақылды болатынын айтқан. Сол үшін әжесі экстрасенстердің есеп-шотына 8 млн рубль (43 млн теңгеден астам) ақша аударады. Алайда, үш ай ішінде  де немересінің бойынан еш өзгеріс байқамайды.

Әжесі бұл жайлы ұлына айтады. Қыздың әкесі полицияға хабарлап, қазір экстрасенстерді іздестіріп жатыр.

Жіберіп алмаңыз:

Көпшілік жарылыс жасамақ болған әйелдің денесіндегі бомбаны алып, өзін өлтіріп тастады

Ақмола облысында жас жігіт «лайк» басамын деп темір тордан бір-ақ шықты

Чехия президенті халқына Жаңа жылда қауіпке толы өмір тіледі

Талқылау