Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әжемнің арманын орындадым": Қалаулымдық Бауыржан Зорбай үйленді (видео)

Қалаулымдық Бауыржан Зорбай шаңырақ көтерді. Вайнер әжесінің арманын орындап, шаңыраққа келін әкелгенін айтты. 

“Аллаға шүкір мен бақыттымын. Бүгінгі күннен естелік, барлықтарыңызға жұғысты болсын. Орындалған екі арман. Әжемнің сағынып күтіп маған "келін түсір" дегені және сол қуанышымда Әжемнің өзі болуы. Әжемнің арманын орындадым. Құттықтай берсеңдер болады”, – деп жазды ол желіде. 

Әзілкештің үлкен тойы желіде қызу талқыға түсті. Көпшілігі ақ тілегін айтып, бақыт тіледі. 

Бауыржан Зорбайдың әжесі тойда тілек тілеп, бар жақсы сөзін үйіп-төкті. 

Келінді қарсы алған әжесі көз жасына ерік берді. Бұл сәт көпшіліктің жүрегін елжіретті. Немересі әжесінің бетінен, қол-аяғынан сүйіп елдің сүйіспеншілігін оятты.

“Әжеңіз өте бақытты жан! Бақытты болыңдар”, “Апа-ау, осы күнды көп күттіңіз ғой. Немереңіздің тойында орныңыздан тұрып ақ тілеңізды айттыңыз. Ең бастысы балаларыңыз бақытты, өмір жастары ұзақ, махаббаттары баянды мәнгілік болып, үлгілі отбасы болсын”, “Кұтты болсын, әжең қуанып қалатын болды”, “Құтты болсын әжеңнің арманы орындағаның жақсы болған екен. Дұрыс бар кезінде үлкендердің батасын ала беру керек”, – деп жазды желідегілер.

Талқылау