Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ажалдан аман қалған имам өзін пышақтаған қылмыскерге кешірім берді

Ұлыбританияда жамағат намазына бара жатқан имамға қастандық жасалды.

Хирург болып жұмыс істейтін имам Насыр Курди ислам орталығына бара жатқанда шабуылға ұшырады. Әлдекім дәрігердің мойнына пышақ салған.

Әріптесі, дәрігер Халид Анис сәл болмағанда Насыр Курдидің ажал құшуы мүмкін екенін айтты. Ал, зардап шеккен дәрігер қылмыскерді кешіретінін айтқан.

«Оған деген өкпе-ренішім жоқ. Бұл іс Ұлыбританияның  бейнесін көрсетпейді. Мен оны толығымен кешірем. Биліктегілер мұсылмандарға қарсы әрекеттердің көбейгенін мойындауы керек. Ең қорқыныштысы – олар физикалық тұрғыда күш көрсететін болды. Ол жала жапқаннан да ауыр. Бұл қоғамда үреу тудыруда», – дейді дәрігер-имам.

Тағы да оқыңыз:

Туа сала анасын құшақтаған сәби көпшілікті сүйсінтті (видео)

Тележүргізуші тікелей эфирде темекі тартып байқаусызда ұятқа қалды (видео)

Қазақ тілін жетік меңгерген жапон қызы Қазақстанға келіп қазақтың қолөнерін үйеніп жүр

Талқылау