Әзірбайжан премьер-министрі қазақстандықтарға алғыс білдірді
Әзірбайжанның премьер-министр Али Асадов Қазақстанның Бакудегі Елшілігіне барып, қазақстандықтарға алғыс білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Қазақстанның Әзірбайжандағы елшілігі
"Біздің елдеріміз үшін осы қиын және қайғылы сәтте мен Үкіметтің жедел әрекетін, Қазақстанның мемлекеттік органдарының жедел және жан-жақты қолдауын, бауырлас Қазақстан халқының жанашырлығын жоғары бағалаймын және ризашылығымды білдіремін. Әзірбайжан да, өз кезегінде, оқиғаның салдарын жою үшін барлық күш-жігерін жұмылдырды және жан-жақты қолдау көрсетуді жалғастырады", – деді премьер-министр Али Асадов.
Ақтаудағы ұшақ апаты: Әзірбайжан Шешенстанға прокурорлар тобын жіберді
Қазақстанның Әзірбайжандағы Елшісі Алим Байел бауырлас елдер ынтымақ пен өзара көмектің айқын үлгісін көрсетіп отырғанын ерекше атап өтті.
"Қайғылы оқиға Қазақстан мен Әзірбайжанның сөз жүзінде емес, іс жүзінде одақтас екенін көрсетті", – деп атап өтті Қазақстанның Әзірбайжандағы елшісі.
Айта кетейік, 25 желтоқсанда Әзірбайжан әуе компаниясына тиесілі Embraer E190AR ұшағы Ақтау қаласындағы әуежай маңында апатқа ұшыраған еді. Бортта 67 адам болған. Апаттың алдын ала себебі оның құстарға соғылуынан екені айтылды.
“Росавиация” басшысы Дмитрий Ядров Embraer ұшағы рейс орындау барысында Грозный қаласының әуе кеңістігі жабық болғанын, ұшақ командиріне басқа әуежайлар ұсынылғанын, бірақ ол Ақтау әуежайын таңдағанын мәлімдеді.
Еске салсақ, осыған дейін ұшақ апатынан аман қалған стюардесса Айдан Рахимли бар жағдайды баяндап берген еді.