“Азаттық радиосы” Қазақстандағы жұмысын жалғастырады
"Азаттық радиосының" қазақстандық бөлімшесі АҚШ-тың жаһандық медиа агенттігі (USAGM) тарапынан қаржыландырудың тоқтатылуына қарамастан өз жұмысын жалғастыра береді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Алексей Витвицкий / РИА Новости
Бұл туралы қызмет басшысы Торокул Доров мәлімдеді.
“Азаттық радиосы қандай қиындықтан өтпеді, шынайы ақпарат, демократия құндылықтарын тарату миссиясында қандай тоталитарлық режимдер қысымын көрмеді! Сол елдерде тұрған миллиондаған халық үшін шындықтың жалғыз шамы болып келді. Қазіргі жағдай бізді қалай өзгертетінін толық ашып айту мүмкін болмай тұр. Жетекшілеріміз қазірге жұмысты жалғастыра береміз деген позиция ұстанып отыр. – деп жазды ол.
"Азаттықтың" қырғыз қызметі де жұмысын жалғастыра береді. Бұл туралы Бішкектегі бөлімше директоры Венера Жұматаева айтты.
Басшылық бізге "әзірше жұмыс істей береміз" деді. Егер қандай да бір жаңалық болса міндетті түрде сіздерге хабарлаймыз, – деп жазды ол Facebook желісінде.
Естеріңізге сала кетсек, АҚШ президенті Дональд Трамп жеті федералдық агенттікте қысқарту жүргізуге бағытталған "Федералдық бюрократияны қысқартуды жалғастыру туралы" жарлыққа қол қойды. Қысқарту ұсынылған мекемелер қатарында Азат Еуропа/Азаттық радиосы медиакорпорациясы және өзге де ақпарат таратушыларға жетекшілік ететін АҚШ-тың ғаламдық медиа жөніндегі агенттігі де (USAGM) бар.
"Азаттық радиосы" Орталық Азияның бес мемлекетінде: Қазақстан мен Қырғызстанда "Азаттық", Түркіменстанда "Азатлык", Өзбекстанда "Озодлик", Тәжікстанда "Озоди" деген атауларымен жұмыс істейді.
Сондайөақ Трамптың жарғылына сәйкес, "Америка дауысы" радиостанциясы хабар таратуын тоқтатып, 1,3 мыңнан астам адам демалысқа кеткен.