"Азаматтық алуға, елде тұруға көмектесетінін айтқан": Екі астаналық заңсыз көші-қонмен айналысқаны үшін сотталды
Астананың екі тұрғыны жалған құжаттарды пайдаланып, заңсыз көші-қонды ұйымдастырғаны үшін сотталды. Олар Қырғызстан, Тәжікстан, Әзірбайжан және Ресейден келген 49 шетелдіктен тұруға және азаматтық алуға көмектесу үшін ақша сұраған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com
Деректерге сүйенсек, қылмыскерлердің біреуі неке туралы куәлігі немесе медициналық анықтама сияқты жалған құжаттарды дайындап жатқанда, екіншісі клиенттерді іздеумен айналысқан. Әр шетелдіктен олар 80 мыңнан 1 миллион теңгеге дейін ақша (құжат түріне байланысты) алған.
Сот олардың біреуін бір жарым жылға, екіншісін екі жылға бас бостандығынан айырды. Мемлекет олардан 107 мың доллар, 2,5 миллион теңге және 200 мың рубльді тәркіледі.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген