Сапасына қатысты шағым аз қытайлық көліктердің тізімі жарияланды: Қазақстандықтарға таныс маркалар қай орында

Қытайлық CheZhi платформасы 2025 жылдың төртінші тоқсанына арналған сенімі кроссоверлердің рейтингін жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сарапшылар жүздеген мың иелердің шағымын талдап, сапа индексін құрастырған. Нәтижесінде жол талғамайтын көліктер (кроссоверлер мен SUV) басқа көлік түрлеріне қарағанда сенімдірек болып шыққан. Олардың орташа сенімділік көрсеткіші седан мен минивэндерден жоғары. Сондай-ақ жаңа платформаларда жасалған, заманауи электроникамен жабдықталған көліктер ең жақсы нәтиже көрсеткен.
Рейтинг көшбасшылары
Xiaomi YU7 ең жоғары нәтиже көрсетті. Ол тізімде небәрі 0,9 ұпай жинап, көш бастады. 106 500 данасы сатылған кроссовер иелерінен ешқандай шағым түспеген.
Екінші орынды гибридті Zeekr 9X (1,4 ұпай) иеленді. Алғашқы бестікке технологиялық тұрғыдан дамыған Toyota bZ3X (2,2 ұпай) және бензинді мотор орнатылған Changan X5 Plus (2,3 ұпай) да кірді.
Қазақстанда қолжетімді модельдер қаншалықты сенімді?
Зерттеушілер 300-ден астам модельге шолу жасаған. Бірақ тек 70-і ғана қоғамдық рейтингке енді. Қазақстандық жүргізушілерге таныс үлгі мыналар:
- Jetour X70 – 4,4 ұпай, 11-орын, тұрақты сенімділікпен
- Haval Dargo – 4,5 ұпай, 12-орын;
- BYD Yuan Up – 5,7 ұпаймен электрлік кроссовер, 19-орын;
- GAC GS3 – 5,8 ұпай, 20-орын;
- Geely Coolray – 7,2 ұпай, 25-орын;
- Geely Atlas – 12,2 ұпай, 37-орын;
- Jetour T2 – 14,8 ұпай, 41-орын;
- Zeekr 7X – 14,9 ұпай, 42-орын;
- Hongqi HS5 – 16,5 ұпай, 45-орын;
- Changan CS75 Plus – 18,6 ұпай, 48-орын;
- Li Auto L6 – 18,9 ұпай, 50-орын;
- Chery Tiggo 8 – 20,6 ұпай, 51-орын;
- Geely Galaxy EX5 EV / EM-i – сәйкесінше 35 және 57-орындар.
Бұл көрсеткіш қытайлық кроссоверлердің Қазақстан нарығында танымал болып келе жатқанын көрсетеді.
Айта кетейік, бұған дейін 2025 жылы сәуір айында Сапасына қатысты шағым аз түскен қытайлық көліктердің рейтингі жарияланған еді