Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Айжанды көргенде жылап жібердім": Байзақованың енесі жан сырын ақтарды

Атышулы Айжан Байзақова енесі мен күйеуінен сұхбат алып, подкаст жанрына бет бұрды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скриншот

Оның енесі Жанна есімді келіншек Айжан туралы қашан және кімнен естіп-білгенін және ұлы екеуінің арасында махаббат барын естігенде, қатты қорыққанын жасырмады.

“Менің жолдасым, Нұрбектің әкесі бірінші білген екен. Ол маған Айжан туралы айтып, "екеуінің арасында бірдеме бар" деген күдігін айтты. Мен бірден Нұрбекке телефон соқтым. Ол маған "біз жай ғана доспыз" деді. Мен сол сөзіне сендім де "жай ғана дос" екен дедім. Күйеуім сенген жоқ. Сосын Байзақова деген фамилия ойымнан кетпей, интернеттен қарап, есеңгіреп қалдым. Күйеуім не дер екен деп қатты қорықтым. Сол кезде Нұрбек хабарласып, сені ұнататынын айтты. Не істерімді білмей, уайымдадым", – деп бастады әңгімесін енесі.



Енесінің сөзінше, қыздары болашақ келінінің жақсы қыз екенін айтып, сендірген.

"Күйеуім "жақсы, ұлым, ертіп кел, танысайық" деді. Мен қатты уайымдадым. Сөйтсем, ана жақта Айжан да қатты уайымдапты. Танысу кезінде мен күйеуім мен Айжанға қарай бердім. Айжан жігіті Нұрбекке жалтақтап отыр. Күйеуім кішкене ашылып, сөйлесіп, сұрақ қоя бастады. Не дейін, әрине, танысқан сәтте көп нәрсе айтылды, тіпті бір сәтте бәріміз жылап жібердік. Күйеуімнің көзінен де жас шықты. Соңында күйеуім маған "Жанна, орамалыңды әкел, болды, мына қыз енді біздің келін" деді. Бірақ "осы уақытқа дейін саған кім не дегенін білмеймін, бірақ енді сен туралы біреу жаман сөз айтса, ол адаммен байланысымызды үземіз. Енді сен біздің келінсің, біздің қызымызсың. Сондықтан сен үшін біз жауаптымыз" деді күйеуім. Сол сөзді естігенде ғана жүрегім орнына түсіп, қуандым", – деді Байзақованың енесі.

Еске салайық, блогер бала үшін өмір сүрмеуге кеңес берген еді. 

Талқылау