Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айзат Жұманованың күйеуі әкесінің көлігінде асылып қалмақ болған

Фото: New Times

Талдықорғанда Айзат Жұманованың өлімі бойынша сот процесі жалғасып жатыр. Марқұм қайтыс болған күні жағдайды өз көзімен көрген куәгерлердің айғақтары тыңдалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Жұмановтар отбасының ауылдасы Түкібай Әлішердің айтуынша, марқұмның жолдасы Айбар әйелінің қайтыс болғанын білгеннен кейін өз-өзіне қол салмақ болған. Бұл оқиға Талдықорған аудандық ауруханасының жанында, көлік ішінде болған.

“Ол көліктің алдыңғы есігін ашып, қауіпсіздік белдігімен асылып қалмақ болды. Ата-анасы мен әпкесі оны уақытында тоқтатты. Кейінірек пайда болған видеодан Айбарды басқа полиция қызметкері түсіріп алғанын көруге болады”, – деді куәгер.


"Осылай болып қалды": Айзат Жұманова қаза болған түні не болғанын куәгерлер айтты


"Қызғануға себеп болған жоқ": Күйеуінің қолынан қаза тапқан Айзат Жұманованың анасы күдіктінің үйленбей тұрып, қол көтергенін айтты


"Ол жүкті болуы мүмкін еді": Күйеуінің қолынан қаза тапқан Айзат Жұманованың туыстары жаңа деректерді бөлісті


Түкібай айыпталушымен мектепте бірге оқығанын және оны жақсы білетінін айтты. Қайғылы оқиға болған күні кезекшілікте болған Жетісу полиция бөлімінің қызметкері Анарбек Аслан да күдіктінің өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын растады. Оның айтуынша, бір күн бұрын облыстық ауруханаға ауыр жарақат алған әйелдің жеткізілгені туралы хабарлама түскен.

“Ол жерге екі әріптесіммен бардым. Сыртта екі әйел және бір ер адам болды. Оларды бұрыннан танымаймын. Зардап шегушінің күйеуі қайда екенін сұрағанымда, оның көлікте екенін айтты. Кейінірек біз оның қауіпсіздік белдігімен асылып қалуға тырысқанын көрдік. Біз оны уақытында тоқтаттық”, – деді тергеуші.

Еске салсақ, 2025 жылдың маусым айында Жетісу облысы Ақсу ауданы Баласаз ауылында 32 жастағы Айзат Жұманова қаза тапты. Әйелді өлтірді деген күдікпен күйеуі Айбар Жанболат қамауға алынды. Марқұмның туыстырының айтуынша, ер адам әйелді 2 жасар қызының көзінше айуандықпен ұрып-соғып, кейін далаға шығарып, аттың жалына байлап сүйреген көрінеді. Ал күдікті ер адам әйелі селфи жасап жатқан кезде екінші қабаттың терезесінен құлап кетті деп ақталған.

27 қарашада сотта прокурор Айзат Жұманованың өлімінің хронологиясын жариялаған еді. 

Жұмаділлә Нұрила
Жұма, 12 Желтоқсан, 2025 13:21