Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айыптауды естіген Тоқтар Төлешов сотта күлкісін тыя алмады

Төлешовтің ісі бойынша сот процесі ақырғы сатысына жетті. Кеше Еңбекшіқазақ сотында екі жақтың пікірсайысы өтті, – деп хабарлайды otyrar.kz.

Бастапқыда прокуратура Тоқтар Төлешовке салықтарды төлемеуіне байланысты залалдың өтемі ретінде  шамамен 1,5 миллиард теңгеге талап қойды.

Төлешов пен адвокаты талап-арызбен мүлдем келіспеді. Мұнан соң прокурор айыптау қорытындысын жариялады.

Төлешовке оннан аса қылмыс эпизоды бойынша айып тағылды: салықты жасыру, лауазымды тұлғаларды заңбұзушылыққа және басқа да экономикалық әрі парақорлық қылмыстарға тарту. Айыптаушының сөзі бір жарым сағатқа созылды.

Қорытындысында прокурор жаза шарасы туралы айтты.

Баптардың жиынтығы бойынша мүлкін тәркілей отырып, 5 жылға бас бостандығынан айыру. Алайда Астана Жоғарғы сотының бұған дейін шығарған 21 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі үкімін есепке ала отырып, жеңіл жазаны ауыр жазамен ауыстырып, 21 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қалдыру сұралды.

Прокурор сөзін естіген Төлешов сот отырысында күлкісін жасыра алмаған.

Төлешовтің ісі бойынша  тағы бір фигурант салықшы Қарақожаев Нұржанды прокурор кінәлі деп тауып, 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Жіберіп алмаңыз:

Сары әулие ең жас әйелі дүниеге әкелген жиырма үшінші перзентін көрсетті (фото)

Зарина Омарова: Әкем бізді тастап, басқа әйел алғанда қатты ренжідім

Еспанов Абай Бегейдің 500 қонағын тыңдата алмай ұятқа қалды

Өзіміз кінәліміз: Айдана Меденова инста-оқырмандарымен айқасқан әріптестерін сынға алды

Талқылау