Адам мен аюдың "мәңгілік" достығы жұртты сүйсіндірді (видео)
Facebook әлеуметтік желісінде 11 миллион адамның көзайымына айналған ер адам мен аюдың видеосы әлі күнге дейін көптеп көрілім жинауда. Видео түсірілген уақытта Джим Ковальчик 59, ал аю Джимбо 22 жаста еді. Ковальчик 700 килограмдың аюды өсіріп қана қоймай, оны өзінің досына айналдырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұдан өзге the Orphaned Wildlife Center атты жануарлар үйі осы сипаттағы бірнеше видеоны жариялаған болатын. Оны 2015 жылы Джим әйелі Сьюзенмен бірге құрды.
Джимбо – осы жерде тұратын 11 аюдың бірі. Олар бұл жерге ерте тап болған. Аюлардан бөлек бұл жерде жылқы, тиін, бұғылар да медициналық ем алуда. Мекеме директоры Кэрри Клэр «Біздің жалғыз әрі басты мақсатымыз – жануарларды табиғатқа аман-сау қайтару» дейді ол.
Сондай-ақ, Джим мен Сьюзен бұл жердегі аюлардың барынша мейірімді екенін айтады. Алайда олар мұның аңдар үшін кері әсері барын да жасырмайды: жабайы аң жануармен «тығыз қарым-қатынаста» болған кезде табиғатта өз бетімен өмір сүре алмай қалады.
"Әйелдерге тән оюды ерлер пайдаланып жүр": Қазақстандық дизайнер жұлдыздардың ою-өрнекті орынсыз пайдаланып жүргенін сынға алды
Кез келген ою – оны жасаған адамның ішкі дүниесінің көрінісі
"Ешқандай адам өте алмайды": Шетелдіктер қазақ тілінен тапсыратын тесттің қиындығына шағымданды
Шетелдік: "Жарайсыңдар, сендер жеңдіңдер!"