Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Айтқанына көнетінмін": Абай Бегейдің әйелі ер мен әйелдің қарым-қатынасына қатысты ойын бөлісті

Танымал әнші Абай Бегейдің әйелі, блогер Фариза Жұманова ел алдында жан сырын ақтарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/fariza_zhan_rezerv/

Желі жұлдызы “Айтарым бар” подкастында қонақ болып, өнер адамының жары болудың қиындығын бөлісті. 

“Мен күйеуіме себепсіз хабарласпаймын. Шұғыл жағдай боп қалмаса, артық мазаламауға тырысамын. Кейде бір қатты уайымдап кеткенде, кеш болып кетіп, үйге келмегенде хабарласпасам, жалпы себепсіз хабарласпаймыз деп келіскенбіз. Қайта-қайта хабарласып, "қайдасың?", "қашан келесің?" деп сұрамаймын. Алғаш үйленген кезде мен ол кісіге жүз пайыз бағынатынмын. Сондықтан да болар, ол кісі қазір маған толық сенеді, еркіндік беріп қойды. Кейде тіпті мынадай жағдай болған. Мен киініп, дайындалып, үйден шығайын деп жатқанда ол кісі рұқсат бермей қоятын. "Мәссаған, бұл қалай болғаны" деп ойлағаныммен, айтқанына көнетінмін. Қазір бәрі реттелді", – деді блогер келіншек. 



Сондай-ақ блогер төрт баласы бар ер-азаматқа тұрмысқа шығарда көп адамның келіспегенін де айтты. 

"Күйеуіммен магистратура оқып жүрген кезде таныстым. Алты ай сөйлесіп жүрдік. Кейін үйленуге ұсыныс жасады. Алғашында ата-анам қарсы болды. Алайда мен ойымды өзгертпедім. Миымнан 4 баласы бар деген ауыр ойды алып тастадым. Менен жас қыздар баласы бар адамға тұрмысқа шығу қалай болады деп сұрап жатады, мен ондай адамға күйеуге шықпауға кеңес беремін. Бірден жоқ деп айтамын. Өйткені бала деген үлкен жауапкершілік. Маған да алғашында оңай болмады, бірақ қазір барлығына шүкір деймін”, – деп жан сырын ақтарды Фариза.  

Еске салайық, "Көмекші алғанымды көре алмай жатыр" деп Абай Бегейдің әйелі халықтан оңбай сөз естіген еді. 

Талқылау