Айтбек Амангелді сот үкіміне көңілі толмайтынын және ықтимал қауіптер туралы айтты
Марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді Қуандық Бишімбаевқа шыққан сот үкіміне қатысты пікір айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: web.lifelines.name
Сот отырысынан кейін Айтбек Амангелді тікелей эфирге шығып, оның эмоциясы, соттан кейінгі ойы, ата-анасының денсаулығы және алдағы жоспарлары туралы сұраған оқырманға жауап берді. Сұрақтардың біріне жауап бере отырып, ол Салтанаттың өлімін жасырды деп айыпталған Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжановқа шығарылған үкімге наразылығын білдірді.
"Мен оның мерзіміне көңілім толмайтынын айтайын. Өте маңызды бір жайт бар. Себебі ол жазаға тартылған баптың өзі дұрыс емес, басқа бап дұрыс болатын еді", – деп бөлісті Айтбек Амангелді.
Сонымен бірге Айтбек Қуандықтың жазасын нақты өтеуін қамтамасыз етуге ниетті екенін айтты.
Айтбек ата-анасының соттан кейінгі ауыр эмоциялық жағдайына тоқталып, олардың денсаулығына алаңдаушылық білдірді.
"Ата-анам үшін өте қиын болды. Әсіресе мұның бәрін тыңдау кезінде анам қиналып, бірден қан қысымы көтеріліп кетті. Кейін сыртқа шыққаннан кейін денсаулығы оңала түсті. Дегенмен әкем мен анамның денсаулығы қатты сыр берді. Осы жақында әкем 10 күн бойы ауруханада жатты", – деді ол.
Ол Салтанаттың Instagram парақшасын ашуды жоспарламайтынын, теріс пікірлер мен болжамдарға тап болмас үшін оның жеке өмірін сақтауды қалайтынын айтты. Бұдан бөлек ол шетелдік блогердің оның қауіпсіздігіне алаңдап жатқанына қатысты пікір айтты.
"Халықаралық қауымдастық Instagram-да мені бақылап жүргендерін жариялап, жаза бастады. Ал Стефани егер мен кез келген материалды жариялауды тоқтатсам, бірнәрсе болған жағдайда соған сәйкес әрекет етуге шақырған еді. Сондықтан халықаралық қауымдастық жиі мен туралы ақпарат таратып отырады. Тікелей эфир маған иммунитет болды. Олардың ойынша соттан кейін қандай да бір қиындықтар туындап, қудалаулар болуы мүмкін екені айтылды", – деді Айтбек Амангелді.
Алайда Амангелді қудалауды күтпейтінін және жеке қауіпсіздігіне қауіп төніп тұрғанына сенбейтінін де атап өтті.
"Маған біреу қатты тиіседі деп ойламаймын. Иә, бұл – алаңдатарлық мәселе. Мүмкін мен бірнәрсені білмейтін шығармын. Соған қарамастан, халықаралық қоғамдастық бұдан әрі не болатынын және менің абыройымды қадағалауға шақырады", – деп атап өтті Айтбек.
Сөзінің соңында Айтбек Амангелді қолдау көрсеткендердің бәріне алғысын білдіріп, алдағы оқиғалар туралы хабарлайтынына сендірді. Сонымен қатар оның жағдайы мен алдағы қадамдары туралы өзекті ақпарат алу үшін оны әлеуметтік желілерде бақылап отыруды өтінді. Ол қазірдің өзінде сот шешімі шығарылғанын, ендігі кезекте отбасының болашағы мен әл-ауқатына мән беру маңызды екенін баса айтты.
Еске сала кетейік, 13 мамырда Астанада Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сот процесі аяқталды. Бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаев 24 жылға, ал Бақытжан Байжанов 4 жылға сотталды.