Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Айтатын уақыт келді": Балжан Бидаш ажырасқаннан кейінгі өмірін айтып берді

Танымал әнші Балжан Бидаш ажырасқаны үшін денсаулығы сыр бергенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/bidash_official/

Өнер иесі бетіне түрлі жара шығып кеткенін айтты. 

“Менің жеке трансформациям туралы айтатын уақыт келді. Бәрі маған құлпырып кетіпсің, қандай керемет нәтиже, сахнаға оралуыңмен деп жатады. Бірақ сахнаның артында қаншама маңдай тер төгілгенін ешкім түсініп білмес. Бір жыл бойы қаншама жұмыс болғанын ешкім білмейді. Ия, ажырасқаннан кейін қатты депрессияға түсіп кеттім. Ешкімді көргім келмеді. Ешкіммен араласпай, тек үйде отырдым. Жобаларда ғана өнер көрсетіп, әлеуметтік желіде белсенді болуға өзімді мәжбүрлейтінмін. Осының бәрі ішіме жиналып, дұрыс тамақтанбай, өзіме қарамай кеттім. Күннен күнге бетімнің жағдайы нашарлап бара жатқанын байқадым. Мені дәл осындай мәселені басынан өткізген адамдар ғана түсінеді”, – деп жазды өнер иесі.



Желі қолданушылары өнер иесінің бүлінген бетін көріп, таңданысын жасыра алмай жатыр. 

“Жібекті түте алмаған жүн қылады деген сөз рас екен”, “Алған бетіңнен қайтпа, қайсар қыз”, “Бағың ашылсын, сен қазақтың талантты қызысың!”, “Қайтадан оралуыңмен құттықтаймын” – деп қолдап жатыр оқырман қауым. 

Еске салайық, өнер иесі ажырасуға қатысты сұрақтарға жауап берген еді. 

Талқылау