Айнұр Тұрсынбаева құдалық тойын қымбат яхтада өткізді
Стамбұл мейрамханаларының бірінде дүркіретіп той жасаған Айнұр Тұрсынбаева құдалық рәсімін қымбат яхтада өткізді. Ол Instagram парақшасында құдалықтың қалай өткенін көрсетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Түркияда ақындардың басын қосқан Тұрсынбаева құдалық кезінде айтыс ұйымдастырды. Жандарбек Бұлғақов пен Сырым Әуезхан айтысып, қонақтардың көңілін көтерсе, Балғынбек Имашев жастарға деген тілегі мен қолдауын білдірді.
Тұрсынбаева құда-құдағиларына Стамбұлдың қайталанбас теңізін, Босфор бұғазын көрсетті.
Құдалық от шашумен аяқталды.
Айта кетейік, Тұрсынбаева ұлының тойына келген қонақтарға бриллиант әшекейлерден таратқан еді.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған