Айнұр Тұрсынбаева қолындағы 5 караттық сақинасын Наркенже Серікбаеваға сыйға тартты

Танымал дәстүрлі әнші Наркенже Серікбаева айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаевадан бағалы сыйлық алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Наркенже Серікбаева әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялап, өнерлі жұп Жанболат пен Жазираның шаңырағындағы тойда Айнұр әпкесі қолындағы 5 карат гауһар тасы бар әшекейді шешім бергенін айтты.
“Жанболат аға мен Жазира әпкенің тойына келіп, Айнұр әпкеден мынандай бриллиантты сыйлыққа алдым. “Жұғысты болсын” деп өзі оң қолынан шешіп берді. “Менен қайсысын қалайсың?” деп сұрады, мен осыны таңдадым”, – деді ол.
Әнші сондай-ақ видеоға Айнұр Тұрсынбаева жайлы жылы жазба қалдырған.
“Өмір жолында, өнер жолында жақсы адамдарды көп жолықтырдым. Жақсыдан шарапат деген, жақсылықтарын көрдім. Дана халқымыздың жақсы бір сөзі бар, жақсыға жанас, жаманнан адас деген…
Сол жақсыларымның бірі де бірігейі – Айнұр әпкем. Айтыстың аңызы. Мыңдаған, миллиондаған жандарға жақсылық жасап, білгенімен бөлісіп, тамшыдай болса да талайларға қуаныш сыйлаған кең жүректі кісі. Ыстамбұлға қаншама рет шақырып, өнерімді өрістеткен, самғауыма себепкер болған жақсы адамым!” – деп жазды ол.
Өнер иесі айтыскер ақынға дегена ризашылығын жасырмады.
“Сыйласына сырғасын, қимасына қолындағы барын бере салатын қазақтың жомарт қызы. Кешегі Алматыда өткен Жанболат пен Жазира аға-әпкемнің тойында көрісіп, қуанып қалдық. Себепсіз бриллиант сыйлап мәз қылып қойды. Алла пейіліңізге берсін! Аман жүріңіз! Алла жар болсын!” – деп жазды ол.
"Өзімді қыздай сезініп тұрмын": Наркенже Серікбаева пластикалық ота жасатты
"Анама ренжідім": Наркенже Серікбаеваның қызы үндеу жасады
Айта кетейік, бұған дейін Луврде iPhone-ды суға лақтырған Айнұр Тұрсынбаеваның немересі отбасын әлемге әйгілі еткені хабарланған еді.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді