Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айнұр Тұрсынбаева: Жұрттың бәрі бақытты, сіз неге мұңаясыз?

«Айтыстың аққуы» атанған танымал ақын Айнұр Тұрсынбаева оқырмандарын кез келген өкпе-ренішті ұмытуға шақырды. Оның айтуынша, өткінші өмірде ештеңеге уайымдаудың қажеті жоқ. Одан ештеңе өзгермейді. Есесіне қуанған адамға бірнеше қуаныш қатарынан беріледі.

айнур турсынбаева

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

«Барлығы өз қолыңызда! Біреу ренжітті ме, сіз ренжімей қойыңыз! Жүрегіңіз тыныш емес пе, жақсылап ойланыңыз. Бәрі де ұмытылады. Бастысы басыңыз аман ғой, жақындарыңыз шауып жүр ғой. Болды, басқасына бас ауыртпаңыз. Далаға қараңызшы. Табиғат қандай ғажап. Қуаныңыз! Сіз уайымдағаннан не өзгереді?! Жұрттың бәрі бақытты. Сіз неге мұңаю керексіз?! Мұңаймаңыз! Қане, жымиыңызшы. Тағы, тағы. Ұмытылмайтын уайым жоқ! Бәрі өзіңізге байланысты. Сіз қуансаңыз өмір сізге бірнеше қуанышты қатар сыйлайды. Мұңайсаңыз қырсық көбейеді. “Құдай бір айналдырғанды шыр айналдырады” деп бекер айтылмаған. Өмір тамаша!» – деп жазды ол.

Тұрсынбаеваның аталған жазбасы желіде қызу талқыға түсті. Жазбаны 20 мыңнан аса адам ұнатып, оған 1000-ға жуық пікір қалдырылған.

Желі оқырмандарының басым бөлігі ақынға алғыс айтып, ризашылықтарын білдірді.

“Ақын ғана емес, нағыз психолог екенсіз”, “Рахмет, адамға рухани тыныштық сыйлайтын қандай тамаша сөздер”, “Рахмет, адамға жақсы көңіл-күй сыйлайды екен”, “Керемет, бүгін қатты ашуланып жүр едім, осындай ақылдарыңызды жиі айтып тұрыңызшы, жадырап қалдым”, “Айнұр, рахмет. Мына сөзің жаныма керек болып тұр екен, өзіме сақтап қойдым”, – деп ризашылықтарын білдірді оқырмандар.

Жіберіп алмаңыз:

Төреғалидің анасына арнаған бейнебаяны қазақстандықтардың жүрегін елжіретті (видео)

“KeshYou” тобы әнші Ақботаның орнын басқан қызды көрсетті (фото)

«Музарт» тобы жанкүйерлерінен көмек сұрады

Жанкүйерлері Мәдина Сәдуақасованы голливуд жұлдызымен салыстырды (фото)

Талқылау