Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айнұр Тұрсынбаева Роза Рымбаеваны бір көру үшін ішпей-жемей ақша жинаған күндерін еске алды

Танымал ақын Айнұр Тұрсынбаева бала кезінде Роза Рымбаеваны бір көру үшін ішпей-жемей ақша жинаған күндері туралы айтып берді. Ол бала күнінен Роза Қуанышқызын үлгі тұтқанын, тіпті бастауыш мектепте оқып жүрген кезінде Халық артисіне қарап болашақ мамандығын таңдағанын ашып айтты.

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

“Шамамен жасым 8-9 да болу керек, ауылға Роза Рымбаева келетін болды. Билет бағасы 2 сом. Ол замандағы 2 сом қазіргі 20 мыңмен шамалас. Содан концерттен 2 ай бұрын Көкжырадағы клубтың алдына Роза апайдың дәу плакаты ілінді. Мен ақша жинауға кірістім. Күніне 5 тиыннан, кейде 10 тиыннан жинаймын. Дүкенге баруға құмармын, сондағы ойым қалған сдаштарды өзіме алып қалу. Сөйтіп жүргенде концерттің болатын күні де келіп жетті. Ақшамды санасам 1 сом 70 тиын. Бар арманым Роза Рымбаеваны жақыннан көру, бір көрсем болды деп отырмын. Сонымен апам аяп кетті ме, 30 тиынды берді-ау.

Барсам концерт басталып кеткен, зал лық толы. Бойым құрттай, арт жақта тұрмын, түк көрінбейді. Роза апамның менде шаруасы жоқ, “Балдәуренді” бұрқыратып айтып жатыр. Адамдарды итеруге күшім жетпейді, алға ұмтылу мүмкін емес. Концерттің соңына қарай адамдар саябырсып кішкене алдыға жылжыдым. Роза апай өте сұлу екен. Дауысы да ашық, жарқ-жұрқ етіп тұр. Қатты қызықтым”, – дейді Тұрсынбаева.

Айтыскер ақын сол кештен кейін болашақта “жұлдыз” боламын деп шешкен.

“Күн сайын түпкі бөлмеге кіріп алып концерт қоямын. Бақырып өлең айтамын, алдымда типа шулаған xалық қоймай шапалақ ұрып жатады, “тағы айт” деп өтінеді xалқым. Шыбынұрғышты микрофон қылып қолыма ұстап аламын. Сосын салтанатты түрде басымды иіп екінші өлеңді айтуға кірісемін. Құшағым толған гүл, айналам қаумалаған xалық, бақыттан басым айналып қиялға батқан күйі ұйықтап кететінмін.

Дәл сол концерттен кейін шамамен 10 жылдан аса уақыт өткенде дәл сол клубта, дәл сол Роза апам тұрған саxнада менің шығармашылық кешім болып жатты. Тура сондағыдай лық толы зал. Тура сондағыдай шулаған xалық, керемет қошеметті xалқым маған көрсетіп жатты. Кейіннен Роза апаймен талай жүздестік, көрген сайын осы әңгімемді айтқым келеді-ақ. Қазір бұрынғыдан да жақсы көремін. Жалпы мен адамдардың бәрін жақсы көремін. Адам анадан туғанда жаман болып тумайды, сәби кезінде бәрі жақсы. Тек сәби жүрегі қатыгездік көрмей, мейірім көріп өссе барлығына қол жеткізетін болады. Балаларыңыз неше түрлі қиялға ерік беріп, армандап жатса қолдаңыздар. Оның бәрі орындалады!” – деп жазды ол желідегі парақшасында.

Жіберіп алмаңыз: 

Жұлдыз Әбдікәрімова: Әр адамның айтқан сөзін көңілге алсаң, түбінде ауру боласың

Еріншек сұлу бола алмайды: Баян Мақсатқызы сұлулығының құпиясымен бөлісті

Толық, шаршаңқы, жылауық: Қазақстандықтар Салтанат Бақаеваға қолдау білдірді

Аишаны тани алмайсың: Бүркіт жұбайының бояусыз түрін көрсетті (видео)

Талқылау