Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айнұр Тұрсынбаева “Instagram-дағы ең танымал ақын” атанды

Айнұр Тұрсынбаева желідегі ең танымал жұлдыздардың қатарына қосылды. Оның Instagram парақшасындағы оқырмандар саны бір миллионға жетті.

турсынбаева 060317

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Осылайша Айнұр Instagram-дағы ең танымал ақын атанды. Себебі миллиондық межені бұған дейін бірде бір ақын бағындырмаған.

“Миллион долларың болғанша, миллион оқырманың болсын!” Сып-свежий мақал! Жақсылығымды асырып, жамандығымды жасырып жазған тілектеріңіз үшін, қаншама кемшілігімді елемей тек жақсы жағыма мән беріп мақтап жазған пікірлеріңіз үшін, шоу-бизнестің жарқ-жұрқ еткен өміріне қатысым болмаса да, қарапайым ақындығыма деген құрметтеріңіз үшін, қазақтың бір қызы ғой орыс тілділерге күлкі қылмай оқырманының санын көбейтіп отырайық деп жазылғандарыңыз үшін бәріңізге басымды идім!” – деп жазды ол. 

Айта кетейік, желідегі ең танымал қазақ жұлдыздарының көшін продюсер Баян Есентаева бастап тұр. Оның 2 миллион 400 мың оқырманы бар. Одан кейінгі ең атақты жұлдыздардың қатарында Аша Матай (2,1 миллион), Қайрат Нұртас (1,9 миллион), Ерке Есмахан (1,8 миллион), Айдана Меденова (1,6 миллион), Төреғали Төреәлі (1,6 миллион) бар.

Жіберіп алмаңыз:

Димаш «Дайдидауды» орындап болған соң еңкілдеп жылаған

“Ayumi” тобындағы Айдана ақ жаулықты келін атанды (фото, видео)

Ақбота Сейтмағамбет үш баланың әкесі Дәурен Айдарқұловқа тұрмысқа шықты

Сая Оразғалиева: Сүйіктім Құдайдан Тәуекел екеумізді сүйісіп қоймаса екен деп тілеп жүр

Талқылау